Previous Page  232 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 232 / 298 Next Page
Page Background

232

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

ала келіңдер деп бірнеше сыйлықты да аманат қылып

тапсырдым», – деді.

Қазы Һудәи таң қалып:

«Бұл қалай болады, а мырза?» – деп сұрады.

Адам былай түсіндіре бастады:

«Тақсыр! Жылда болғанындай биыл да қажылыққа

бара алмаған соң қайғырып Меһмед Атаға бардым. Ол

қолымды ұстап тұрып «көзіңді жұм!– деді. біраздан

кейін көзімді ашып қарағанда Қағбаның қасында

тұрғанымды білдім!.».

Осындай рухани оқиғаны алғаш рет тыңдаған қазы,

мұның мүмкін бола алмайтынын айтып, әлгі адамның

айтқандарын қабылдамады.

Әлі қасиетті мекендердің рухани әсерінің таза

сезімінде болған бейшара адам толқыған күйде өте

мағыналы сөздермен былай деді:

«Ей,қазы!АллаһТағаланыңдұшпаныболғанШайтан

бір сәтте бүкіл дүниені аралап шығады. Ал Аллаһтың

досы болған ерекше бір құл неге бір сәтте Қағбаға бара

алмасын?»

Қазы Маһмуд Һудәи бұл жауапты естіген соң жөні

бар деп, шешімін беруді Бурса қаласынан барған

қажылардың қайтуына дейін кейінге қалдырды. Бурса-

лық қажылар қайтқанда жүргізген сұрастыру нәтиже-

сінде жағдайды толығымен білді де, қайран әрі таң қала

отырып, алдындағы мәселені жабуға мәжбүр болды.

Бірақ, жүрегіне сөнбейтін бір шоқ түсті. Кейін ол да

Меһмед Атаның себеп болуымен Хазіреті Үфтаданың

сұхбат алқасына қосылып, рухани дүниеде қанат қағып,

әлемдегі белгілі даналардан болды.

`

Сөздің қысқасы, заттай және рухпен сол мүбарак

топырақтарға асыға бару құмға толы шөл-даланы