234
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Ол аяқ басқан жерге басып тұрғанының қиялын көз
алдына елестетіп, шаттанады да одан қалған талай
естеліктермен көңілдері толып, тасады. Мысалы, Сафа
жотасында Хазіреті Пайғамбар (СаллАллаһу ғаләйһи
уе сәлләм)нің Мекке Мүшриктерін Исламға шақыруын
ойлапкөзалдындаелестетеалады.Әлемдердіңмырзасы,
осы жотада тұрып Меккеліктерге Әбу Құбейс тауын
көрсетіп былай деген:
«Сендерге; «Осы таудың ар жағында жау бар; осы
жаққа жақындап келеді. Жандарыңды алады, сақ
болыңдар!- десем сенесіңдер ме?»
Меккеліктер:
«Әрине, сенеміз. Таудың ар жағын көрмесек те,
сен Мұхаммед әл-Әмин (Сенімді Мұхаммед) болғаның
үшін сен берген хабардың туралығынан мүлде
күдіктенбейміз!» – деген еді.
Сонда ол ұлы кісі:
«Ондай болса сол сөзіме сенгендей мына сөзіме де
сеніңдер. Осы әлемді жаратқан құдіретті әрі жалғыз
Аллаһ бар! Сендер табынғанпұттар әлсіз бір тас, топырақ
немесе отын бөлшектері. Бұларды тастап тек қана
Аллаһқа иман келтіріңдер. Әрі Аллаһтың мені сендерге
пайғамбар депжібергенін де біліңдер», –дегенде ең баста
ағасы(әкесінің інісі) Әбу Ләһәб бастап мүшриктер:
«Сен бізді осыған бола шақырдың ба?» – деп оған
қабақтарын түйіп, қарамай тарқап кеткен болатын.
Ол ұлы кісіні Ождандары қабылдаса да, нәпсілік
бейімділіктері, мүдделері бойынша өтірікке шығарған
еді.
Бірақ Әлемдердің Мырзасы, Жаратылғандар Нұры
болған Ол кісі осы және осы сияқты талай ғапылдық әрі
адасушылық көріністеріне қарамастан көңілі түспей,
пайғамбари қайратпен иләһи ақиқаттарды шөлдеген
көңілдерге бір өмір суысияқтықандайжағдайболмасын