Previous Page  240 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 240 / 298 Next Page
Page Background

240

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Шайтан:

-Аллаһ әмір еткені үшін бауыздайды екен! – дегенде

Хажар анамыз:

- Егер Аллаһ (ЖЖ) бұйырған болса, онда тәуекел

дейміз, – деді.

ШайтанХажаранамыздыалдайалмағансоңИсмайыл

(ғаләйһиссәләм)нің жанына барып одан былай сұрады:

- Әкең сені қайда алып бара жатыр білемісің?

Исмайыл (ғаләйһиссәләм):

- Раббысының әмірін орындауға, – деді.

Шайтан:

- Сені бауыздағалы алып бара жатқанын білесің ғой!

– деп азғыруға тырысты.

Сонда Исмайыл (ғаләйһиссәләм):

- Жоғал, әй малғұн! Біз Раббымыздың әмірін ұната

отырып орындаймыз!» – деген қарсылық сөзбен

Шайтанды қуды да, оған тас лақтырды.

Шайтан Исмайыл (ғаләйһиссәләм)ді азғыра алмаған-

нан кейін Ибраһим (ғаләйһиссәләм)ға қарап:

- Әй, қарт кісі! Ұлыңды қайда алып бара жатырсың?

Шайтан сені түсіңде алдаған! Сол көрген түсіңШайтани,

– деді.

Ибраһим (ғаләйһиссәләм):

-СенШайтансың!Тезкөзімненжоғал! –дедідеқолына

жиырма бір тас алып, үш бөлек жерде сол тастардыжеті

данадан Шайтанға лақтырды.

Міне, қияметке дейін қажылықтың бір рүкуні болып

жалғасатын Шайтанға тас лақтыру осылай басталған.

Осыжағдай олардың тәуекелінің белгісі ретінде үмбетке

үлгі болып қалды.

Ибраһим (ғаләйһиссәләм) Исмайыл (ғаләйһиссәләм)-

мен бірге Минадан Арафатқа қарай кетіп бара жатқанда