Previous Page  245 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 245 / 298 Next Page
Page Background

245

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

сияқты төрт бұрыш үй салады және сол қара тасты

үйдің бір бұрышына қояды. Міне, бүгін Хажарул әсуәд

деп білінетін қара тас осы. Кейін Нұх топанында осы

үй ұзақ уақыт құм астында қалады. Хазіреті Ибраһим

Аллаһтың әмірімен Қағба тұрған жерге барады да ұлы

Исмайыл (ғаләйһиссәләм)ді анасымен бірге сол жерге

орналастырады. Кейін Исмайыл (ғаләйһиссәләм)мен

бірге Аллаһтың әмірі бойынша Қағба болған жерді

қазады. Хазіреті Шит тарапынан салынған үйдің ірге

тасын табады да сол ірге тас үстіне Қағба ғимаратын

салады.

Ибраһим (ғаләйһиссәләм) Қағбаны салып болған соң

Аллаһқа былай дұға етеді:

«Уа, Раббым! Осы жерді тыныш бір қала қыла көр!

Халқын, Аллаһқа және ақірет күніне сенгендерді түрлі

жемістермен ризықтандыр!»

(Бақара сүресі, 126-аят)

Ибраһим (ғаләйһиссәләм)нің осы дұғасының бере-

кетімен Мекке қаласында ауыз дәмі мен иман ләззаты

астасып жататын сияқты.

`

Бәйтуллаһ, яғни Аллаһтың үйі деген мағынадағы

Қағбаның Адам (ғаләйһиссәләм)нан бері қасиетті

құлшылықханаболғаныжәнешама-шарқыжететіндерге

сол жерге қажылыққа баруларының парыз болғаны

көркем аятта былай білдіріледі:

«Адамзат үшін (жер бетінде) салынған алғашқы

үй сөзсіз Беккедегі (Қағба). Сол жер иләһи фәйз және

берекеттермен жиһанға жарық беретін иман және

һидаят нұрларына толы.

Онда ғибрат алынатын белгілер бар, Әрі Ибраһимнің

мақамы сол жерде. Сондай-ақ оған кім кірсе, Хаққтың

көлеңкесінде аман болады. Оның жолына шамасы

келгендерге, (Аллаһ ризалығы үшін) «Бәйтуллаһ»қа

қажылыққа бару адамдардың мойнындағы Аллаһтың