248
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
түсіну керек.
Аллаһ Тағала былай айтқан:
«Қандай да бір іс жайында олармен (мүминдермен)
ақылдас. Кеңестен соң шешім шығарып, орындауға
кіріскенде Аллаһқа тәуекел ет!.».
(Әли Имран сүресі,
159-аят)
Мүминнің екі дүниедегі жәрдемшісі тек қана Аллаһ.
Кімде-кім Оған тәуекел етсе, Аллаһ оған жеткілікті.
Жеке өз өмірі болсын немесе қоғамдық өмір болсын
адамның екеуінде де жүрек тыныштығы мен бақытқа
жетуі тек Оған ғанасүйеніп, Одан ғана жәрдем сұрауы
және Оған тәуекел етуінің арқасында ғана мүмкін
болады.
Тәсілім болу « » – «сәлимә» деген арабша етістіктен
тараған. Бас ию, басқа түскен істерге көндігу, сәлеметке
жету мағынасына келеді.
Расында, Ибраһим (ғаләйһиссәләм)нің жүрегінде
Аллаһтан басқа бір нәрсеге орын жоқ еді. Бірақ
періштелер:
«Уа Раббым Ибраһимның жаны, бала-шағасы және
малы бар ғой! Қайтып саған «Халил»(дос) бола алады?!»
деген-ді.
АлАллаһТағалаОныңқарсылықкөрсетпейүшжерде
(сынақта) тәсілім болғанын періштелерге көрсеткен.
Осы сынақтар мен нәтижелері қияметке дейін үмбетке
мысал болады.
Ибраһим (ғаләйһиссәләм) отқа лақтырылатын кезде
періштелер жәрдем бергелі келген-ді. Бірақ Ол:
«Сендерге қажетім жоқ! Отқа жану күшін кім
берген?!»- деді және «Аллаһ нендей жақсы өкіл!»- деп,
тек Раббысына сыйынды.
Оның осы тәсілімиетіне қарай сый ретінде отқа:
«Әй, от! Ибраһимге салқын әрі сәлемет бол
!»(Әнбия