252
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Ондай сөздер негізсіз ақымақша ойлар, әрі ғибадаттың
ләззатынан мақұрым болудың белгісі ретінде айтылған
бос сандырақтар болып табылады.
Нәпіл қажылықтар Пайғамбарымыздың дәуірінен
күні бүгінге дейін иман тебіренісімен жалғасып келе
жатыр. Иман толқуымен орындалған нәпіл ғибадаттар
құлдыАллаһқажақындатады. Құлдың рухы тереңдейді
де, мейірімділік пен жомарттық сипаттары көріне
бастайды. Оның көруі, естуі, ойлауы, сезуі, сөзі,
қысқаша күллі істері нәпіл ғибадаттар арқасында иләһи
нұрмен іске асады.
Осындай
ұлы
мәртебелерге
көтерілу
нәпіл
ғибадаттарға деген махаббат және махлұқатқа деген
мейіріммен мүмкін. Имам ағзам Әбу Ханифаның 55 рет
қажылыққа барғанын баяндау осы жайда жеткілікті
болса керек.
`
Жылына бір рет әрі белгілі күндерде ғана орында-
латын және Арафатта тұру (уақфа) жасалатын
қажылықтан басқа кез-келген уақытта орындауға
болатын «умра» ғибадаты тағы бар. Сондай-ақ ол «кіші
қажылық» деп те аталады.
Умрада Арафатта тұру жоқ. Онда Қағбаны тауаф
етумен бірге Сафа мен Мәруә арасында сағи (жүгіру)
бар. Умра Рамазан айында орындалатын болса бұған бір
қажылықтың сауабы берілетінін Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.)баяндаған.
`
Мәдинада зиярат етілетін Расулұллаһ (СаллАллаһу
ғаләйһи уә сәлләм)нің мекені, көңілді Аллаһқа және
Оның пайғамбарына деген махаббат сезімдеріне ерекше
бөлейтін мекен. Өйткені Аллаһ Тағаланың «Хабибім»
яғни сүйіктім деген әуезіне тек ол ғана жеткен және
осындай махаббат үмметіне де бұйырылған. Расында