Previous Page  258 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 258 / 298 Next Page
Page Background

258

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

2-Сиыр мен бұқа екі жасқа толған болу керек.

3-Түйе бес жасқа толған болу керек.

4-Қой мен ешкі бір кісі үшін, ал сиыр, буйвол және

түйені жеті кісіге дейін ортақтасып шалуға болады.

`

Ғапу және Жарылқану Айы

РАМАЗАНШӘРИФ және ОРАЗА

Ораза айы - Рамазан Шәриф рухани нәрді жүрекпен

сіміріп, иләһи сыйлықтарға жетілетін мүбарак ай.

Адамзат жеткен сансыз игіліктердің қадірін еске

түсіретін осы айда, фәни ләззаттардан теріс айналып,

мәңгі ләззаттарға жетудің сыры Хаққ Тағала бұйырған

ораза игілігімен көрініс табады.

Оразаның ең маңызды ерекшелігі және оның негізгі

мақсаты үнемі ғибадат сезімінде нәпсімен күресіп және

оны бақылау астына алып, беретін жаман ықпалын ең

төменге түсіру.

Ораза, өмір күресінде ауадай қажетті «сабыр, ерік,

нәпсілік бейімділіктерден арылу» – сабағын тәлім

еттіріп, мінез-құлқымыздыкемелдіккежеткізеді.Және

осы ғибадат нәпсінің жеп-ішу және шәһуәтқа

1

қатысты

бітпейтін армандарына қарсы адамның абыройын және

қасиетін қорғайтын қалқан.

Ораза, ұстаған кісіні қайратты әрі табанды, қана-

ғатты, қолында барға риза болу, салмақты және

сабырлыболусияқтыкөркеммінезгежеткізуіменқатар,

мақрұм болу және аштықпен қолдағы игіліктердің

қадірін еске түсіреді де, жоқшылдардың ахуалдары

туралы ойландырып оларға деген мейірім және

ілтипат көзқарасымен жүректерімізді сезімтал күйге

жеткізеді. Әрі шүкіршілік сезімдерін жандандырады.

Осы ерекшелігімен ораза қоғамдағы кек сақтау және

қызғаншақтықсияқтыкөпшіліктіңтынышынкетіретін

жамандықтарды жоюда күшті ықпалы болатын