Previous Page  259 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 259 / 298 Next Page
Page Background

259

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

таптырмас қару. Сондықтан ораза тек осы үмбетке емес,

бұрынғы үмбеттерге де парыз қылынған ғибадат болып

табылады. Аллаһ Тағала былай айтқан:

«Әй

Иман

келтіргендер!

Ораза

сендерден

бұрынғыларға парыз қылынғандай Аллаһқа қарсы

келуден сақ болу сезімдеріңді арттырар деп санаулы

күндерде сендерге де парыз қылынды..».

(Бақара сүресі,

183-184)

Исламда парыз қылынған ғибадаттарды, түрлі

рухани ауруларға дәрі деп түсінуге болады. Нәпсілік

бейімділіктерге бүйрек бұру, дүниенің әшекейлік

көріністеріне алдану және ойын-той артында жүру

сияқты рухани ауруларды емдеп жазатын шипа. Күллі

дәулетін жоғалтып алған және өмірлерінен қауіптенген

мұсылмандардың Мекке дәуірінде осындай ауруларға

шалдығу иқтималы жоқ еді. Ал олар хижреттен

кейін кәпірлердің зұлымдығынан құтылғанда, Ислам

жайылып, экономикалық жағдай да бірте-бірте түзеле

бастады. Сонда рухани ауруларға шалдықпау үшін

диета сақтауқажеттілігі бой көрсетті. Сондықтан

ораза ұстаудың уақыты келген-ді немесе келуге

таяған еді. Ақыры хижреттің екінші жылында ораза

мұсылмандарға парыз қылынды.

Расында, ораза, бірталай денелік және рухани ауруға

дәрі сияқты «санаулы күндер» – деп парыз қылынған.

Өйткені кісі бір дәріні үнемі ішіп жүрсе денесі оған

қайтіп үйреніп кетеді де дәрінің одан кейін бір пайдасы

тимей қалатыны секілді, материалдық және рухани

өмір үшін дәрідей міндет атқаратын оразаның жағдайы

да осындай. Егер ораза ұстауда орта жол ұсталмаса,

оның материалдық және рухани өмірге деген пайдасы

кәміл дәрежеде болмайды. Негізінде Пайғамбарымыз

(СаллАллаһу ғаләйһи уә сәлләм):