Previous Page  265 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 265 / 298 Next Page
Page Background

265

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Хазіреті Мұса (ғаләйһиссәләм) өзіне Таурат түсердің

алдында күні-түнімен қырық күн аш және сусыз

қалған.

Хазіреті Иса (ғаләйһиссәләм) да Інжіл түсердің

алдында күні-түнімен қырық күн аш және сусыз

қалған.

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)де өзіне Құран түспей

тұрып Мекке қаласының маңындағы Хира үңгірінде

толықбірайжалғызқалыпкүндерінтүрліғибадаттармен

өткізген. Ақыры Жәбірейл арқылы иләһи шуақ нұры

көңіліне төгіле бастаған.

Осы шындықтар оразаның негізгі мақсаты мен

пайдасының рухани болмысын көрсетеді. Сондықтан

ораза ғибадат болғандығынан, тек сол мақсатпен

ғана орындалуға тиісті. Оразаның тек қана сыртқы

пайдалары мақсат халіне келтірілсе, оразаның ғибадат

болу құндылығы жойылады. Яғни оразаларымызда

диета сақтап арықтау сияқты мақсат болмау керек.

Ондай ойлармен ұсталған оразалармен иләһи ризаға

жете алмаймыз.

Денедегі мүшелер жасайтын әрекеттердің пайдасын

мақсат етіп алып оқылған немесе ғапылдықпен және

қатайған жүрекпен оқылған намаздар да дәл сол секілді

пайдасын тигізбейді.

Ғибадаттар тек қана Аллаһ Тағаланың ризалығына

жету мақсатымен орындалады. Осы мақсаттың пайда

болуы үшін көңіл деңгейінің шыңдалып, шикіліктен

құтылуы және кәмілдікке жетуі қажет.

Рамазан Шәриф айында Хазіреті Пайғамбар

(СаллАллаһу ғаләйһи уә сәлләм)нің үгіттерінде орынын

тапқан белгілі бірнеше жағдайға назар аудару қажет:

а. Шәһәдәт кәлимасын көп айту,

ә. Истиғфар және зікір ету,

б. Жәннатқа жете алу үшін көбірек салиқалы амал