270
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Рамазан айы кіргенде жәннат есіктері ашылады;
Жәһаннам есіктері кілттенеді; Ал Шайтандар
шынжырмен байланып қамалады»
.
2
Яғни, адамзат істейтін қылмыстар, күнәлар шынайы
ораза ұстағандарда еңаз деңгейге түседі.Шайтанберетін
зиян да бітеді. Бірақ нәпсіден келер жамандыққа,
зиянға мұқият болу керек.
`
Ораза тек белгілі бір уақыт адамның өзін кейбір
заттық нәрселерден тыюы және солардан сақ болып
жүру ғана емес, сонымен қатар көңілдік өмірді нәпсілік
құмарлықтардан және оларға бейімділікден қорғау
деп білу керек. Негізінде, парасаттылардың көзқарасы
бойынша нағыз ораза деп осыны айтады. Яғни адамның
жеп-ішу сияқты көріністегі бейімділіктерден алыста
тұрғанымен қоймай, ғайбат және өтірік айту сияқты
әр-түрлі дүниелік жамандықтардан және көңіл әлемін
сондай ойлардан қорғау қажет.
Хазіреті Пайғамбар(с.а.у.)былай айтқан:
«Ораза ұстау, тек қана жеп-ішу және бір нәрселерді
қию емес. Кәміл және сауабы болатын ораза пайдасыз
сөзден, уақытты босқа өткізуден, өсек-аяң айтудан
және әннәфсул-әммәраның
1
бүкіл бейімділіктерінен
тыйылғанда ғана болады. Егер біреуден сөгіс естісең
немесе саған надандықпен бір әрекет жасалса өзіңе
өзің: «Мен ораза тұтқанмын!» – деп сабыр ет!»
1
Өйткені Рамазан Шәрифтің тағы бір аты «шәһрус
сабр», яғни «сабыр айы».
Сабыр жақсы мінездің орталығы. Сабыр иманның
жартысы,рахаттыңжәнебақыттылықтыңкілті.Жәннат
нығметтеріне қауыштыратын үлкен ерекшелік.
Сабырдың дүниелік жағы ащы, ақірет жағы тәтті әрі
өте жарық. Сабырдың ащысына шыдағандар мәңгілік
дәулет болатын Жәннатқа және Аллаһтың ризалығына