271
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
қауышады.
Қандай жағдай болмасын Аллаһтың әмір және
тыйымдарында болған нығмет, хикмет және иләһи
сыйларды ойлау сабыр сақтауды жеңілдетеді.
Сабыр негізгі шарт бойынша оқиға болған сәтте
көрсетілуге тиісті. Дәл сәтінде көрсетілмеген сабырдың
сыйы аз болады.
`
Ауыз ашар кезі - дұғалар қабылданатын кез.
Сондықтан осындай ерекше сәттердің басқаларымен
бірге өткізілуінде өзгеше кереметтер бар. Осы сәт
рахмет және тыныштық бұлағы. Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.)былай деген:
«Кімде-кім ораза ұстаған біреуге ауыз аштырса
(ораза ұстаған кісінің сауабы кемітілмей) сол жеткен
сауапқа жетеді».
2
`
Нәпіл оразаларда да ерекше жағдай бар. Ол
жағдай құлдың туралығын, берілгендігінің мөлшерін
көрсетеді. Өйткені шынайы құлдардың амалының
негізі туралықтан тұрады. Бұл да ниеттің тазалығы
және нәпсінің ағартылуы мөлшеріндей көрініс табады.
Расында Хазіреті Пайғамбар (СаллАллаһу ғаләйһи
уә сәлләм)нің ерекше тәрбиесін алған қадірменді
сахабалардың оразаға деген қызығушылықтары өте
күшті еді. Олар шыдау қиын болған ыстық күндерде
де, нәпіл ораза ұстауға ынта көрсететін. Кейбіреуінің
күйдіретін күн сәулесінен қорғайтын киімі де жоқ еді.
Қолдарымен күн сәулесінен және ыстығынан қорғалуға
тырысатын. Олар сонда да күшті бір иман ләззатын
алып, нәпіл оразаларын жалғастыратын.
Сондықтан нәпіл ораза ұстау немесе ұстамау немесе
ораза ұстамағандардың табандылықпен шақыруларына
қарап нәпіл оразаны бұзу немесе бұзбау сияқты