Previous Page  276 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 276 / 298 Next Page
Page Background

276

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

табыс» осы болады.

Сонымен қатар кім болмасын аятта айтылған:

«Ей, адамзат! Барлықтарың Аллаһқа мұқтаж-

сыңдар. Ал Аллаһ (барлық нәрседен) мұстағни (ешбір

нәрсеге мұқтаж емес) және мақтауға өте лайық».

(Фатыр сүресі, 15-аят) сөзне құлақ ассын.

Сондықтан құлдықтың басқа бір көрінісі бай-

кедей әркімнің Аллаһқа қарағанда «пақырлық халін»

жақсылап аңғарып, үнемі Аллаһқа мұқтаж екендігі

сезімімен өмір сүруі. Ислам даналары осы пақырлық

халінде болудың қадірін баяндау ретінде:

«Пақырлық мақтанышым!.»– деген.

Осы керемет сөз бір хикмет маңдайшасы айналып,

дүние байлығынан гөрі көңіл байлығының артық

екендігін баяндайды.

`

АлләмәИбнҚаййыминфақ ісіне үлгі ретіндеХазіреті

Пайғамбар (с.а.у.)мырзамыздың инфақтағы көңіл

байлығын баяндағанда былай дейді:

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)мырзамыз ие болған

нәрселерді садақа деп беруде ешкімге ұқсамайтын.

Аллаһ берген мал-мүлікті жинап ұстамайтын. Бір адам

өзінен бір нәрсе сұрағанда азды- көпті міндетті түрде

беретін. Ол садақа берерде пақырлықтан қорқуды

білмеуші еді. Садақа беру Ол үшін ең үлкен құлшыныс

еді. Оның бергендегі қуанышы, одан алған мұқтаждың

қуанышынан бірнеше есе артық еді. Қайыр жасауда

адамзаттың еңжомарты еді. Оның қолы береке таратқан

самалдай еді. Мұқтаждың бірі оған қиыншылығын

айтқанда ол өте әсерленетін және соны өзінен бұрын

ойлап, кейде тамағын, кейде үстіндегі киімін бере

салатын.