279
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Аят кәримде осы ғибадаттың маңыздылығын
айқындау үшін астарлы түрде:
«Садақаларды Аллаһ
алады»
(Тәубе,104),- деп айтылған.
`
Садақа берудің әдептілігіне көңіл бөлу аса маңызды
қағидалардың бірі. Садақадағы әдептіліктің Құрани
баяны былай:
«Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа және ақірет күніне
иман келтірместен, малын мақтану үшін жұмсаған кісі
секілді шілтеп (міндетсіп) және ренжіте отырып істеген
қайырларыңды босқа жібермеңдер
». (Бақара сүресі,
264-аят)
Аллаһ досты болған шынайы құлдар, зекет және
садақа берерде міндет қылу және шілтеу жасап қалу
қорқынышынан құтылу үшін, мұқтаждың алдында
қарапайымдылықпен тұрып беретін.
Сүлеймен (ғаләйһиссәләм) Хаққ Тағала сыйлаған
дүние сұлтандығына ешқашан көңіл аудармай, сұлтан-
дықты үнемі жүрегінен тыс ұстаған. Ол жиі-жиі
пақырлардың қасына барып, олармен бірге сұхбат-
тасудан ләззат алатын еді.
«Міскін,міскіндергежарасады!»–деп,сұлтандықтың
еңқарапайым түрін өмірінде көрсететін. Ол аят кәримде
баяндалған:
«Ей, адамзат! Барлықтарың Аллаһқа мұқтаж-
сыңдар. Ал Аллаһ (барлық нәрседен) мұстағни (ешбір
нәрсеге мұқтажемес) және мақтауға өте лайық»
(Фатыр
сүресі, 15-аят) ақиқатын анғарған санаулы құлдардың
бірі еді.
`
Осы мүбарак рахмет және жарылқану айында назар
аударылатын жағдайлардың тағы біреуі – Қадір Түнін
ғибадатпен сергек өткізу.