Previous Page  278 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 278 / 298 Next Page
Page Background

278

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

мен қандай көркем баяндайды:

«Мал садақа берумен азаймайды; керісінше қайырға

жұмсау сол малға зиян келуіне бөгет болады.

Сен берген зекет қалтаңа қарауыл болып, оны

қорғайды. Оқыған намазың да саған шопан болып, сені

жамандықтардан, қасқырлардан қориды».

«Егін еккеннің қоймасы босайды, бірақ егін орған

кезде шашқан тұқымдарынан артығымен, талай есесін

қайтарып алады. Ол босатқан бір қоймасының орнына

бірнеше қойма толы астық қайтарып алады!.».

«Бірақ бидай егілмей, орынымен жұмсалмай, қойма-

да сақталса сол бидай құрт-құмырсқаға, тышқанға жем

болады. Бұлар оны кеміріп, құртып тастайды».

Аллаһ Тағала айтқан:

«Сендерге ризық ретінде берген нәрселерімізден

инфақ қылыңдар!»

(Мунәфиқун сүресі, 10-аят)

«

(Әй, Пайғамбарым!)

Алтын мен күмісті жинап,

сақтаған әрі оларды Аллаһ жолында жұмсамаған

адамдарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле!.»

. (Тәубе

сүресі, 34-аят)

Зекет пен инфақ, Аллаһ үшін орындалатын ғибадат

болғандықтан, берілген нәрселердің тікелей Аллаһқа

берілгенболыпесептелетінінбілуқажет.Хадисшәрифте

былай айтылған:

«Садақаның әлі мұқтаждың қолына түспей тұрып

Аллаһтың (құдірет) қолына баратыны сөзсіз. (Яғни

мұқтажға берілген зекет пен садақаны алдымен Аллаһ

алады, кейін пақырға береді!)»

1

Мүмин зекет пен садақаны негізінде Аллаһтың

қолына берсе, мұқтаж да оны Аллаһтың өкілі ретінде

алса, берілген мал-мүлік әдептілік және рақмет сезімі

ішінде мұқтажға ұсынылған болады.