282
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
2. Ауызға кірген жаңбыр, қар тамшыларын өз
еркінсіз жұтып қою.
3. Өз еркімен құсу.
4. Ұмытып жеп қойғаннан кейін, ораза бұзылды
деген оймен ішіп-жей беру.
5. Мұрын, құлақ және тамаққа бір нәрсе (дәрі және
т.б). тамызу.
6. Біреудің зорлығымен ораза бұзу.
7. Ауыз ашық кезде желінген тамақтан тіс ара-
сында қалған бұршақтай тамақ қалдығын жеу.
8. Күн батпай тұрып, батты деп ойлап жеу және
сәресі уақыты бітсе де әлі уақыт бар деген оймен жеу.
`
Айт мейрамы
Хаққ Тағала «Бақилық», яғни мәңгі болу сипатын
өзіне ғана тән қылғандықтан, бүкіл махлұқат үздіксіз
өзгеріс заңына бағынады. Осы шындық бойынша
әлемде маусымдар пайда болған. Кәмілдік пен фәнилік
арасында мәңгілік өзгеріске бағынатын осы әлемде, күз
маусымы және одан кейін келіп күллі махлұқат үшін
ауыр азап көріністеріне сахна болатын қыс маусымы
және көктемнің берекеті мен шуағының әдемілігі әрі
тыныштығы көрініс табады.
Адамзат өмірі де әлемдегі осы жалпы өзгеріске сай
болғандықтанмыңбіртүрліжақсылы-жамандыкөрініс-
терге сахна болады.Жаңа туғанбаланыңөмірге қатысты
алғашқы әрекеті жылау. Өмірдің соңы да басқаларды
жылататын өліммен келеді.
Осы өмірдің басталу және аяқталу нүктелері ара-
сында тыныштықпенқуанышжәнеқайғыруменқиналу
көріністері бір-бірінің артынан келеді. Сондықтан адам
баласы мәтел ретінде: