286
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)мүбарак қолымен
баланың басын сипады да, қасында тұрған немересі
Хазіреті Хасанды көрсетіп:
- Сен Хасанның бауыры болғың келе ме? – деді.
Сонда баланың қайғырған балғын көңілі әп-сәтте
жадырап сала берді...
Міне, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) бала екеш баланың
да көңіліне мән беріп, махаббат және мейірімімен
құшақтайтын. Осындай ізг істерімен Ол (с.а.у.) шын
айт мерекесінің қандай болатынын үмбетіне көрсетіп
кеткен.
Ал негізінде ақиқи айт, езел мен мәңгілік арасында
рухқа бөгде жұрт болған осы дүниеде тақуалықпен,
құлшылықпен өткізілген өмір емтиханынан кейін, Рабб
Тағала сыйлаған мүбарак бір қуаныш күні.
Иман және соның тебіренісін сезе отырып, қажеті
бойынша амал жасай алу жағдайына жету – фәни
күндердің айт болуындағы хикметі және сыры
болып келеді. Ғибадат, тәкбір, зікір және қоғамдық
жәрдемдесулер, әсіресе ғаріпке созылған көңілдермен
әшекейленген әр айт күні, өлімнен кейінгі күндеріне
бір рахмет алауы.
Айт – Рамазанның қадірін лайықты түрде аңғар-
ғандар, осы берекесі мол маусымды Хаққтың
бұйрықтарына қарай өткізгендер, мәңгілік ләззаттарды
фәни ләззаттардан артық көргендер және дүниелік
зауық пен ләззатқа көңіл бөлмей, ақірет шаттығуларын
таңдағандар үшін, Рабб Тағала тарапынан берілген
иләһи сияпат күні.
Айт осы жөнімен қаралғанда рухани бір жеңістің
құттықталуы. Ұлы табысқа қоғам болып қуанатын
ұлыстыңнағызұлыкүніосыкүн.Сондықтанайтжекенің
емес, қоғамның сүйініші. Ұлы біршүкіршіліктің белгісі
болған айт намазы болса, жеке баспен емес, жамағатпен