Previous Page  284 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 284 / 298 Next Page
Page Background

284

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Өйткені айт мерекелері жеке адамның емес қоғам-

ның қуанышы, осы қуаныштың мұсылмандар арасында

үлестірілуі, көңілдерді оятып барша мұсылмандардың

бауыр екендігін шын мәнінде сезу болып табылады.

Айт мерекелерінде қанаты сынық құс сияқты әлсіз,

қалжыраған және көңілсіз адамдарға не алып барғаны-

мызды ойлайық?!…

Хазіреті Мәулана (Қуддисә сирруһ) «мұңайған

көңілдер»ге ерекше түрде мәміле жасау керек екендігін

былай баяндайды:

«Сен сабандай көріп мән бермей жүрген көңілдер

негізінде көп нәрседен бағалы».

«Қалжыраған көңіл Хаққ назары түсетін мекен.

Хаққ қазыналары осындай көңілдерде жиылады. Құлап

жатқан жұрттарда, көмілген талай байлық бар.

Көңілді жаратқан Аллаһ нендей ұлы, қандай күшті!»

Айт мерекелерінің бір демалыс немесе адамды

жеке өзі басына шаттандыратын күндер емес, жалпы

махаббат, сүйіспеншілік, мейірім және қамқорлық

сияқтыадамдықсезімдердіңқоғамғаұласатынсәулелері

деп білуіміз қажет.

Шын айт мерекелері, кең рахмет пен жарылқану

және Жәһаннамнан сөзсіз азат болуға жетуге ынтық

мұсылмандардың күшті бір иман тебіренісімен бір-

бірімен қатынасып араласатын, көркем естеліктерге

толы мүбарак күндері болуға тиісті.

Айт мерекесі үлкен-кіші, ауру-дені сау, бай-кедей

баршахалықтыңортаққуанышкүні.Олардыңбарлығы-

ныңшаттанып риза болулары айттардыңшынайы түрде

өткізілуімен мүмкін. Сонымен айт, Жаратушысының

себебінен бүкіл жаратылғандарға деген сүйіспеншілік,

мархабат, нәзіктік, және жәрдемдесуге оятуы керек.

Айт күнінде хадис шәриф бойынша айтшылауды

алдымен жәрдемге, рақымға ең көп мұқтаждардан,