281
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
және нығметтердің қадірін біліп істелген салиқалы
амалдардың, әрі қылынған инфақтардыңжемісі ретінде
сыйлайды.
Раббымыз, дүние өмірін біз үшін РАМАЗАН
Шәриф қылып, қиямет таңын оның айт мерекесіне
айналдырғай!
Әмин!
`
ФИҚЫҺ ҚАҒИДАЛАРЫ БОЙЫНША
ОРАЗА
Оразаның парызы: Аллаһ ризалығы үшін сәресі
уақытынан бастап кешке күн батқанға дейін жеп-ішу
және жыныстық қатынаста болудан сақ болу.
Оразаны бұзып, әрі қаза әрі кәффәрат қажет ететін
жағдайлар:
1. Біле тұра ішіп-жеу. Адам жеуге үйренген саз,
топырақ т.б нәрселерді жеу. Шикі ет, сүр ет жеу. Темекі
шегу, насыбай ату. Күнжіт немесе бидай дәнін ауызға
салып жеу (Ауыз ашық кезде желінген тамақтан тіс
арасындақалғанкішкентайдәндіжеуоразаныбұзбайды.
Ал дән бұршақтай үлкен болса, оразаны бұзады).
2. Жыныстық қатынаста болу.
3. Қан алдыру, тісті шөткемен тазалау және көзге
сүрме жағу сияқты оразаны бұзбайтын істерді жасаған
соң, бұлардың оразаны бұзбайтынын білгенімен ораза
бұзатын нәрселерден біреуін жасау. Аз мөлшерде тұз
жеу.
Оразаны бұзғанымен тек қана қаза керек ететін
жағдайлар:
1. Адам жеуге үйренбеген нәрселерді жеу. Жай ұн,
піспеген күріш, май және тәттісі жоқ қамырды жеу,
шикі заттар, қағаз мақта, қураған шөп, сабан шөп,
жұмыртқаны қабығымен жеу т.б.