283
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Бір күндері ай қапа боп, бір күндері күлерсің,
Бір қалыппен еш пенде, бітіре алмас үлесін!...
,депөмірдеболатынөргешығунемесеқұлаужағдайы-
ның алма-кезектігін баяндаған. Сонымен адамзат
өміріне үстем болған осы күй, сезімтал және терең
ойшылдар үшін қайғысымол бір сипат ретінде көрінеді.
Бірақ өзгеше және сирек кездесілетін болса да қуаныш
пен тыныштық сәттері де жоқ емес. Осы сәттердің біреуі
айт мерекелері.
Өмірдегі жеке және қоғамдық ықпалдардың
бір бөлімі нәпсілік, ал бір бөлімі рухани сезімдерді
қозғайды. Айт мерекелері де жалпы рухани сезімдерді
қамшылайтын ықпал. Ол адамзат бойындағы достық
және ағайындық сезімдерін күшейтеді; мейірім, опа
және қамқорлық сезімдерін тебірентеді. Сонымен,
айт мерекелерінің ең жақсы түрде өткізілуі достық
және туыстық қатынастарының күшейтіле отырып
көңіліміздіңжоқшыл, ғаріп, ешкіміжоқ, тұлдыржетім,
жесір, шаршаған, әлсіз көңілдерге созылуымен іске
асады. Достарына, туыстарына, мұңайып жүргендерге
және бір бұрышта ұмытылып кеткен бауырына қарамай
кеткендер айт қуанышы мен шаттығы сезіміне жете
алмайды. Хадис шәрифте айтылған:
«Парыз қылынған амалдарды орындаудан кейін
Аллаһ ең көп разы болатын іс – мұсылман бауырын
қуанышқа бөлеу»
.
1
Өйткені айт мерекелері иман бауырластығыныңшын
көрініс табатын сахналары. Өлімнен кейін болатын
шаттығу күндеріне бір рахмет алауы.
Ондай болса, қайғырып жүргенді қуантатын, оны
иләһи бір шаттығу мен тыныштыққа жеткізетін
шынайы айт мерекесін аңғаруымыз қажет. Осындай
өткізілетін айттар адамға, өзі шаттығуымен бірге
басқаларын қуантудың шаттығын да сезіндіреді.