Previous Page  287 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 287 / 298 Next Page
Page Background

287

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

оқылады. Мүминдер айт күндерінде діни сезімдер және

махаббаттары мөлшеріндей нәр алып, нұрға бөленеді.

Сонымен қатар дүние өмірінің қысқа бір Рамазан

маусымы, ал ризашылық және бақыттылық көрініс-

терімен басталатын ақірет күнінің айт болатынын естен

шығармау керек.

Бұған қоса Рамазан және айтпен бірге, тіпті олар-

дан күшті түрде көңілдерін әрдайым «Қадір Түні»нің

шуағымен толтырғандар бар және бұлар алған рухани

ләззатты түсіндіруге сөз жетпейді. Бұл, иләһи нығы-

меттердің ең ұлысы - Жәннат пен руйәту Жәмәлилләһ

1

ләззатының осы фәни өмірге шағылысқан сынығындай

сирек кездесетін ерекше құлдарға тән бір көрініс

ретіндекөрініс табады. Осы зауыққа және ләззатқа

тек қана қалбун сәлим

2

арқасында ғана жету мүмкін

болмақ. Расында, аят кәримде де:

«Сол күні мал да, әулет те (бала-шаға, ұрпақ)

пайда бермейді! Тек қана қалбун сәлиммен келгендер

өзге!.»

(Шуғара сүресі, 88-89 аяттар), – деп айтылып,

дүниеде сүйеніш және тіреу деп көрінген мал-мүлік

пен әулеттің ақіретте ешқандай пайдасы болмайтыны

айтылған соң, артынша қалбун сәлимге ишарат етіліп,

ақіретте бақытқа жеткізетін капиталдың тек қана сол

бола алары баяндалған. Қалбтің яғни көңілдің «сәлим»

(тыныш, таза, сәлемет) сипатына жете алуы үшін,

дүниедеқолғатүскенмұрсаттардыңеңмаңыздыларының

біреуі, әрі жалпы халыққа арнап қуаныш және мейірім

таратумен ерекшеленетін айт мерекелерін лайықты

түрде аңғарып, соған қарай әрекет жасау керек.

Хазіреті Бәһлүл Дана айтты нендей жақсы таныс-

тырады:

«Айт жаңа киімдер кию үшін емес, иләһи азаптан

құтылып, сәлеметке жетуді және қауіпсіздікте бола