Previous Page  288 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 288 / 298 Next Page
Page Background

288

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

білуді қамтамасыз ететін мейірім және қамқорлық

көріністерінің жандануы үшін бар.

Айт жақсы машиналарға міну үшін емес, қателіктер

мен күнәлардан тазарып, нәпсіні сафтандыру және

сонымен Аллаһқа бара алатын бір қалбун сәлимге ие

болу үшін бар».

Сондықтан айттың ақиқаттағы мағынасы әр кісіде

өзініңкөңілінеқарайкөріністабады.Көңілқаншалықты

мейірім, махаббат және қуанышқа толы болса, айт та

соншалықты аяулы және керемет болады.

Талай уақыттан бері Ислам мемлекеттерінде айттар,

тиісті мазмұннан алыстатылып, өткізілуде. Бірталай

мұсылман, айтты демалыс деп ойлағандықтарынан,

рахаттану сапарларына шығуда және сонымен айттың

қоғамдықжәнеруханисипатын,ерекшелігінжоғалтуда.

Исламның негізінен айырылудың табиғи нәтижесі

болған осы жаман ахуалды жойып, айт мерекелерін

негізгі арнасына қарай өткізу, мойнымыздағы Ислами

асыл борыштарымыздың ең маңызды бөлімін құрайды.

Өйткені айт - Ислами түсінік пен қоғамдық мінездің

ең кәміл көріністерінің біреуі. Қайтадан ояну мен тірілу

кезеңін бастан кешіріп жатқан егемен елімізде осы

айттар жаңа серпіліс пен қайта ояну таңы болса игі.

Өйткені айттарды неғұрлым ақиқи мағынасымен

түсінген болсақ, соғұрлым Исламның қамқорлық және

мейірімжолындакөшілгерілегенболамыз. Соныменайт

мерекесі күндерінде нәпсімізді осыаталғанмейірімділік

және амалдар тұрғысынан таразылап, қаншалықты

Ислам жолында екендігімізді белгілеуіміз керек.

Нендейбақыт,айткүндерінқайғырғандарменқасірет

шеккендердің күлімдеуімен шуақтандыра алғандарға!

Қандай қуаныш, айттың барлық жақсы көрініс-

теріне үйлесіп, үмбетті құшағына сыйдыратын мүмин

көңілдерге!..