Previous Page  285 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 285 / 298 Next Page
Page Background

285

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

қайтыс болған жақындарымыздан, содан кейін

қайғырып жүргендердің, ешкімі жоқтардың көңілін

көтерумен бастау керек. Садақа таратып, Құран оқып,

сауабын оларға бағыштау оларға деген опамызды

көрсетеді. Қабірде оларды зиярат қыла отырып, бір

күні біздердің де қабірге кіретінімізді ойлап, қалған

өмірімізді қайтадан дұрыстап сүруге тырысуымыз

қажет.

ХазіретіПайғамбар(с.а.у.)қадірменді сахабаларынан

жиі-жиі былай сұрайтын:

«Сахабаларым! Бүгін бір жетімнің басынан сипадың-

дар ма? Бір жаназаның шығарылуына қатыстыңдар

ма?»

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)сахабаларынан жиі-

жиі сұраған осы істер, әсіресе айт күндерінде назар

аударып орындауымыз қажет болған қоғамдық

ғибадаттарымыздың

ең

маңыздылары

арасында

саналады.

Балаларымыз – біздің болашағымыз. Айт күндерінде

оларға да көңіл аударып, керекті міндетімізді атқару,

болашақтың іргесі мықты болуын қамтамасыз етеді.

Әлемдерге рахым болып жіберілген Аллаһтың Елшісі

(с.а.у.)бір күні мешіттен үйіне қайтар жолда, ойнап

жүрген балаларды көрді.

Сонда бір бұрышта қанаты сынық құс тәрізді

мұңайыпқұрдастарынақараптұрғанбірбалаПайғамбар

(СаллАллаһу ғаләйһиуә сәлләм)ніңмүбараккөзіне іліне

кетті. Дереу рақым сезімімен баланың қасына барды да,

көңіл көтеретін күлімсіреуімен:

- Балақайым! Сен неге жолдастарыңмен бірге

ойнамайсың? – деп сұрады.

Баланың көзіне жас тола отырып:

- Менің әкем қайтыс болған! Және бірге ойнайтын

бауырым да жоқ! – деді.