Previous Page  277 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 277 / 298 Next Page
Page Background

277

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Хазіреті Жабирден риуаят қылынуы бойынша:

«КішкентайбірбалаХазіретіПайғамбар(СаллАллаһу

ғаләйһи уә сәлләм)нің алдына келіп шешесінің

көйлек сұрап жатқанын айтты. Сол кезде Расулұллаһ

(СаллАллаһу ғаләйһи уә сәлләм)нің үстіндегісінен басқа

көйлегі жоқ еді. Сондықтан балаға басқа бір күні келуін

айтып жіберді. Бірақ бала біраздан кейін қайтып келеді

де, шешесініңХазіреті Пайғамбар киіпжүрген көйлекті

сұрап жатқанын айтады.

Сонда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)бөлмесіне кірді де

көйлегін шешіп балаға берді.

Сол кезде намаз уақыты кіргендіктен Біләл

(радиаллаһу ғанһу) азан шақыра бастады. Бірақ киетін

нәрсе таба алмағанРасулұллаһ (с.а.у.)жамағатқақатыса

алмады. Сахабалардан кейбіреулері алаңдап Пайғамбар

(СаллАллаһу ғаләйһи уә сәлләм)нің бөлмесіне кірді де,

оның көйлексіз отырғанын көріп қатты әсерленді.

`

«Бесінші халифа» деген атаққа жеткен Омар бин

Абдуләзиз былай деген:

«Намаз сені жолдың ортасына дейін апарады. Ораза

Патшаның есігін ашады. Садақа Патшаның алдына

кіргізеді».

Убәйд бин Умәйір айтады:

«Адамдар аш, сусыз және жалаңаш түрде қайтадан

тірілтіледі. Солардың қайсысы дүниеде болған кезінде

Аллаһ ризалығы үшін біреуді тамақтандырған болса,

Аллаһ да оны сол күнде тойдырады. Біреуді ішкізіп,

шөлін қандырған болса, Аллаһ да оған ішкізеді. Біреуді

киіндірген болса, Аллаһ да оны киіндіреді».

Хадис шәрифте баяндалады:

«Әй, адам баласы инфақ жаса, саған да жасалсын!»

1

Инфақтың ақиқатын Хазіреті Мәулана мына мысал-