274
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Расулұллаһ
(с.а.у.)бізге
мінбеге
жақынырақ
отыруымызды бұйырғанда тап мінбенің алдында
жиналып отырдық. Ол мінбедегі үш баспалдақтың
әрбіріне шыққан сайын «Әмин!» – деді. Мінбеден
түскенде:
«Уа, Аллаһтың Расулі! Бүгін біз сізден бұрын
естімеген жаңа бір нәрсе естідік», – деп айттық.
Сонда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)былай деді:
«Мінбеге шығарда Жәбірейл (ғаләйһиссәләм) келді.
Мен бірінші баспалдаққа шыққанда маған:
«РАМАЗАН Шәрифке жетіп тұрып, жарылқау
табуға ұмтылмағандарға сор болсын!– деді.
Мен: «Әмин!– дедім.
Екінші баспалдаққа көтерілгенде:
«Қасында сенің атың айтылғанымен саған салауат
айтпағанға сор болсын!– деді.
Мен: «Әмин!– дедім.
Кейін үшінші баспалдаққа шыққанда:
«Әке-шешесінің немесе біреуінің қартайғанын көріп
(оларға қызмет істемей ренжітіп алып) Жәннатқа
жете алмағанға сор болсын!– деді.
Мен: «Әмин!– дедім».
1
`
Осы мүбарак күндерді бағалап, олардан рухани
пайдасын алу үшін орындалуға тиісті ғибадаттардың
басында кедей, жетім-жесір, ешкімі жоқ, бейшара,
ауру және мұқтаж жандарға қол ұшын беру келеді.
Көңілдердің осындай кісілерге созылуы, олармен бірге
болатын көңіл бірлігі және оларға ашылатын жылы бір
құшақ күйінде бола білу РАМАЗАНШәрифтің ерекше-
лігін ұлық қылатын ең маңызды ықпал. Өйткені осы
ғибадаттар, яғни лайықты кісіге берілген зекет пен
садақа сияқты салиқалы амалдар Хаққ Тағаланың