269
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
тазарады».
1
Әрине, ораза мен намаздың қабылдануы үшін көңіл
деңгейінің биік болуы, яғни «Хушуғ» болуы шарт.
Намаздар жылдам оқылып жеген тамақты сіңіретін
гимнастика, ораза да жай аш қалу тәліміндей болмауы
керек. Сондықтан намаз ғибадатында болғандай,
оразада да құлды мұқият болуға және ықыласты болуға
бағыттайтын талай маңызды тұстар бар. Мысалы, хадис
шәрифте баяндалған:
«Ауыз ашарда асығып; сәресіні кешіктіріңдер!.»
2
,
бұйрығы солардың біреуі.
Аталмыш хадис иләһи шекараға назар аударуды
және көңіл жұқалығын қадағалауды бұйырады. Яғни,
сәресіні кешіктіріп ораза басталған уақытта жеп-ішуді
тоқтату және ауыз ашар уақыты кіргенде дереу ауыз
ашу иләһи бұйрыққа құрмет көрсетіп, зедін қойып
орындағандықтың дәлелі. Керісінше, жағдай сүннетке
қайшы болып ғапылдық дәлелі болады да, ондай амал
қабылданбауы мүмкін.
Ауыз ашар, қарын аш болғандықтан көбінесе
уақытында орындалады, ал сәресі тәтті ұйқыны қию
болғандықтан, немқұрайлылық көрсетілуі мүмкін.
Сондықтан бір кесе сумен де болса сәресіде ояу болудың
маңыздылығына ерекшелікпен назар аудартылған.
Аллаһ Расулі(с.а.у.)был й деген:
«Сәресіде жеңіздер; өйткені сәресіде берекет бар».
1
`
РАМАЗАН Шәрифтің ақиқатын аңғарып оған
жетуіміз үшін сол күндердегі ғапу жаңбырларынан
пайдалануымыз қажет. Өйткені тасқа және теңізге
жауған сәуір жаңбырының ешқандай пайдасы
жоқ. Сондықтан тек қана тақуа күйінде болып, осы
шүкіршілік және ғапу айының дәмін тата аламыз.
Аллаһ Расулі (с.а.у.)былай деген: