268
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«…Ораза ұстаған еркектер мен әйелдер әурет
жерлерін қорғаған
(ойнастық жасамаған)
еркектер
мен әйелдер, Аллаһты көп зікір ететін еркектер мен
Аллаһты көп зікір еткен әйелдер бар ғой! Аллаһ Тағала
оларға үлкен сыйлық дайындады».
(Ахзаб сүресі,35)
Расулұллаһ (с.а.у.) оразаның сыйы жайында былай
деген:
«Ораза ұстаған кісіге екі қуаныш бар:
1. Ауыз ашқанда (Хаққ Тағаланың нығметтеріне
қауышқаны үшін) қуанады.
2. Раббысына қауышқанда да оразасының бере-
кетімен жеткен ұлы дәрежесін көргенде қуанады».
2
Жоғарыда көргеніміздей, Аллаһ Тағала оразаға
деген қызығушылықты баяндаумен бірге, беретін
сыйлығын адамзаттың оразаға деген қызығушылығын
қамтамасыз ету мақсатымен одан жасырған. Дәл бір
жарыста қатысушыларды көбейту үшін жарияланбаған
үлкен бір жүлде сияқты…
Ораза ниеттердің қадірін білдіртетін, шүкіршілік
сезімдерін оятатын жоқшылдардың, бейшаралардың
ахуалын түсіну сезімін беретін, нәпсілік арман және
бейімділіктерді жоятын, затқа деген құлдықтан құт-
қарып, «сабыр» деген ең керемет мінезге жеткізетін
бірден бір ғибадат.
Рамазан Шәриф айында тарауық намазы, сәресі
және сәресі уақытында көңілдердің ояу болуы да өте
маңызды. Аллаһ Расулі (с.а.у.)былай деген:
«Аллаһ (ЖЖ) сендерге Рамазан Шәриф оразасын
парыз қылған. Мен болсам Рамазанды қияммен
өткізуді, яғни Рамазан түндерінде тарауық оқуды
сендерге сүннет деп бекіттім. Егер бір кісі шынайы
иманмен және сауабына жету мұратымен Рамазан
Шәриф оразасын ұстап, тарауық намазын оқитын
болса, шешесінен туған күндегідей күнәларынан