Previous Page  266 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 266 / 298 Next Page
Page Background

266

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

істеу,

в. Жәһаннамнан құтылу үшін харам және мәкруһ

істерден сақ болу,

г. Мүмкіндік бойынша көбірек қайырымдылық

істер жасап, көңілі құлазып қайғыда жүрген адам-

дардың қайыр-дұғасын алу,

ғ. Ораза ұстаған кісілерге ауыз аштыру және т.б.

`

РАМАЗАН Шәриф, мүминдерді ерекшелік пен

кәмілдікке жеткізе алатын Аллаһ Тағаланың рақымы

айы.

Ораза болған кезде ауызға бір нәрсе кірмеуіне мұқият

болатынымыздай, ауыздан шығатын сөзге де қатты

байқау керек. Өсек айтуданжәне ренжітуден сақ болып,

оразаның сауабын азайтпау керек.

Аллаһ Расулі (с.а.у.)айтқан:

«Ораза, ұстаған кісіге жараспайтын істермен зиян

көрмейінше, сол кісіге қалқан болады».

«Ораза ұстаған кісі оған қайтіп зиян келтіреді?» – деп

сұралғанда Ол:

«Өтірік айтумен және ғайбат сөзбен…»

– деп жауап

береді.

1

Өйткені өтірік және ғайбат сөз иелері күндіз халал

(адал, таза) азықтардан өз жандарын мақрұм қалдырып

ораза ұстағанымен, өтірік және ғайбат сөз айтулары

себебінен руханижағынан адам етінжеп ауыз ашқандай

болып саналады. Яғни, ғайбат жасап және өтірік айтып

ұстаған оразаларына зиян келтіргендер, оразаның

негізгі пайдасы болған керемет ерекшеліктерден

толығымен мақрұм қалады.

Сондықтандүниелікмұраттарменлайланған, риямен

(мақтан үшін) және ғапылдықпен кірленген оразалар

мен намаздар туралы Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)былай