Previous Page  261 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 261 / 298 Next Page
Page Background

261

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

дай..»

(Бақара сүресі,183) деп айтылған. Ал одан кейін

ораза үшін белгілі уақыт бекітілгені білдірілген:

«(Парыз ораза)

санаулы күндерде...»

. (Бақара сүресі,

184-аят)

Осы бұйрықтан кейін Рамазан Шәриф айының

ерекшелігі мен артықшылығы және ораза туралы

адамзаттың табиғатына қарай берілген жеңілдіктер

баяндалған:

«Рамазан айы, адамдарға жол көрсетуші және

тураны терістен айырудың айқын дәлелдері ретіндегі

Құран түсірілген ай. Ондай болса сендерден Рамазан

айына жеткендер, сол айда ораза ұстасын. Кімде-кім

сол кезде ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде

(ұстай алмаған күндерінің) қазасын өтесін. Аллаһ

сендер үшін жеңілдік қалайды, қиындық қаламайды.

Бұлардың барлығы санаулы күндерді тамамдауларың

және сендерге туражолдыкөрсеткенАллаһтыұлықтап,

Оған шүкіршілік етулерің үшін»

.(Бақара сүресі, 185-

аят)

Осы аят кәримнің аяқ жағында оразаның құлға

сыйлар ерекшеліктері баяндалған. Яғни ораза, құлдың

Аллаһты ұлықтап, Оған кәміл түрде шүкірлік етуін

қамтамасыз рухани қозғағыш мәртебесінде. Сондықтан

ораза барлық салиқалы амалдарға күшті түрде ықпалы

болатын ғибадат деп айтуға болады. Шақиқ Бәлхи

айтқандай:

«Ғибадатты лайықты түрде орындай білу өнер. Сол

өнер табылатын жер халует (адамдарға және дүниелік

істерге көп араласпай өмір сүру. Халует ылғи емес,

тек кейбір уақыттарда жасалуы керек); ал ашығу

себепкер».

Ашығу – жаңа медицинада диета деп білінеді және

денсаулықтың ең басты шарты екендігі айтылып

жүр. Аштққа шыдау адам баласы ең қиынға соғатын