256
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
расқан әйелдің ай сайын болатын ерекше күндерінен
үш рет көріп тазаланғанша; аяғы ауыр әйелдің ажырасу
немесе күйеуі қайтыс болған жағдайда босанғанға дейін
басқалармен үйленбес бұрын, күтуі керек болған күндер
иддет мезгілі деп саналады. Осы күндері біткен болса
сонда да қасында махремі болмай бара алмайды.
Қажылықтың Уәжіптері
1. Ихрамға Миқат деген жерлерде кіру,
2. Ихрамға кіргендер үшін тыйылған нәрселерді
істемеу,
3. Арафатта күн батқанға дейін тұру,
4. Айттың бірінші күні таң атқаннан күншыққанға
дейінгі уақыт аралығында Мүздәлифәда біраз тұру,
5. Минада Шайтанға тас лақтыру,
6. Тәмәттуғ және Қыран Қажылықтарын орында-
ғандардың құрбан шалуы,
7. Төрт шауты парыз болған зиярат тауафын жетіге
тәмәмдау, (Қағба айналасын әр айналуды бір шаут деп
атайды),
8. Зиярат тауафын Құрбан айт күндерінде
орындау,
9. Үйге (мемлекетіне) қайтарда қоштасу тауафын
орындау,
10. Тауаф кезінде дәретті әрі әурет жерлерінің
жабық болуы,
11. Тауафқа Хажарүл-Әсуәд қатарынан бастау және
тауафты Қағба сол жағында бола тұра жаяу орындау,
12. Әр тауафтан кейін екі рәкағат намаз оқу,
13. Тауафты хатим делінген жерге кірмей сыртынан
жасау,
14. Сафа мен Мәруә арасында жеті рет сағи жасау
(барып-келу),