Previous Page  255 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 255 / 298 Next Page
Page Background

255

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

1-Ихрам: Қажылық орындайтын кісінің басқа күн-

дерде халал (адал) болған кейбір іс-әрекеттерді белгілі

бір уақыт өзіне харам қылуы. Қажылыққа ниет етіліп,

тәлбие айтылуымен («Ләббәйк Аллаһуммә ләббәйк…

»деп айту) ихрамға кірілген болады.

2-Арафатта уақфа (тұру): Меккеге жақын жердегі

Арафат тауындаЗилхижжә айыныңтоғызыншы(арафа)

күні зәуал (бесін намазының уақыты) уақытынан

құрбан айттың бірінші күні таң рауандағанға дейінгі

уақыт аралығында біраз тұру.

3-Қағбаны тауаф: Арафаттағы уақфадан кейін

айттың бірінші күнінен бастап өмірдің соңына дейін

болған мерзім ішінде Қағбаны тауаф ету. Бірақ осы

тауафтың айттың алғашқы үш күнінде орындалуы

уәжіб. Сондықтан зиярат тауафы деп аталатын осы

тауафты айттың үш күнінен қалдырған қажылардың

уәжиб орындалмаған үшін айып төлеу ретінде құрбан

шалулары керек. Бірақ әйелдер ерекше күндерінде

болса осы тауафты айттың үш күнінен кейін де орындай

алады.

Қажылықтың Орындалуының Шарттары

1-Дененің сау болуы, яғни көр соқыр, көтерем

(салданып қалу) және қажылық сапарына шыдай

алмайтындай ауру немесе қарт болмау керек.

2-Қажылыққа баруына кедергі болмауы керек

(түрмеде болу сияқты).

3-Қажылық сапарында өтілетін жолдың қауіпсіз

болуы.

4-Әйелдің қасында күйеуі немесе үйлене алмайтын

бір махремі болуы.

5-Күйеуі өлген немесе ажырасқан әйелдің дін

бойынша үйленбей күтіп тұруға мәжбүр болған иддет

мезгілінің бітуі.

Яғни күйеуі өлген әйелдің төрт ай он күн; ажы-