Previous Page  257 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 257 / 298 Next Page
Page Background

257

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

15. Сағиді Сафа жотасынан бастау және үзірі

жоқтардың сағиді жаяу орындаулары,

16. Минада Шайтанға тас лақтырғаннан кейін

Меккенің харам аймағында Құрбан айтының алғашқы

үш күнінде шаш алдыру.

Ихрамда болған кісі жасай алмайтын істер

1. Тігісі бар киім кию,

2. Әйелімен жыныстық қатынаста болу, сүю және

сипау,

3. Әтір жағу,

4. Аң аулау немесе аңшыға аң көрсету,

5. Жасыл ағаш пен шөптерді кесу және жұлу,

6. Шаш алдыру және денедегі қылдарды қыру,

тырнақ кесу,

ҚҰРБАН

Құрбан шалудың уәжіп болуының алғышарттары

1. Мұсылман болу,

2. Бас бостандығы болу: құлдар мен күңдер Құрбан

шалуға міндетті емес.

3. Жолаушы болмау: Дін бойынша жолаушы деп

қабылданатындар құрбан шалуға жауапкер емес.

4. Бай болу: Негізгі қажеттіліктерінен тыс нисаб

мөлшеріндей мал-мүлкі немесе ақшасы болу.

5. Ақылды әрі балиғат жасқа толған болу: Балалар

мен ақыл-есі дұрыс емес адамдарға құрбан шалу уәжіп

емес.

Құрбанға шалынатын хайуандар

1-Қой мен ешкі бір жасқа толған болуы керек. Ал бір

жасқа толмағанымен сондай ірілігі болған жеті немесе

сегіз айлық тоқты құрбан шалуға жарайды.