254
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
аймақтың әдеміліктері мен арттарында ғибратқа және
хикметке толы естелік қалдырған салиқалы құлдардың
жақсы мінездері болуы керек.
Терең ойшыл ғалым Пакистандық Мұхаммед Иқбал
Мәдинадан қайтқан қажыларды көруге барып, оларға
мұсылманның көңіл-күйін көрсететін мына сұрақты
қояды:
«Нұрлы Мәдина қаласын зиярат қылдыңдар!
Ақіреттік Мәдина базарынан қандай сыйлықтармен
көңілдеріңді толтырдыңдар? Сендер алып келген заттай
сыйлықтар, тақиялар, тәсбиқтар, жайнамаздар бір
уақыттанкейінтозып-ескіріпкетеді.Тозыпескірмейтін,
көңілдерге жан беретін Мәдинаның рухани сыйлық-
тарын әкелдіңдер ме?…
Сыйлықтардың ішінде Хазіреті Әбу Бәкірдің тура-
лығыментәсілімдігі;ХазіретіОмардыңәділеті;Хаз реті
Османныңарыменжомарттығы;ХазіретіӘлидіңтолқуы
мен жиһады бар ма? Бұл күнде мың бір қайғымен азап
шегіп жүрген Ислам дүниесіне көңілдеріңнен бақыт-
тылық ғасырының толқынын бере аласыңдар ма?»
ХаққТағала, бізгеқосХарамның (МеккеменМәдина)
руханиятынан ықпал алып ғашықтық отымен күйген
бір көңілмен Аллаһтың Пайғамбарын зиярат қыла
білуді нәсіп ете көрсін!
Раббымыз бізге тәуекелге әрі тәсілім болу сезіміне
толы өмір бере көрсін! Панамыз және көңіл аударатын
жеріміз тек өзі ғана болсын! Сезімтал бір көңілмен
қажылыққа баруды қолайлы қылып нәсіп ете көрсін!
Әмин!...
ФИҚЫҺ ҚАҒИДАЛАРЫ БОЙЫНША
ҚАЖЫЛЫҚ және ҚҰРБАН
ҚАЖЫЛЫҚ
Қажылықтың Парыздары