251
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
бұл қажылық жайлы Расулұллаһ (с.а.у.)былай
баяндаған:
«Алтын шеберінің қолындағы азот қышқылы қалай
алтын мен күмісті тазалайтын болса Қажылық
(қажылық) және умра да адамды күнәлардан
тазалайды»
.
1
«Аллаһ жолында қажылықты орындаған кісі,
жаман қиялдарының соңында әуесқойлықпен жүрмесе,
күнә істемесе шешесінен жаңа туғандай күнәсіз болып
оралады»
.
2
Осы сүйіншілер сөзсіз қажылықтары бастан аяғына
дейін игіліктерге және жақсылықтарға толы болған
мүминдер үшін айтылған. Осындай қажылық талай
сүйіншілермен бірге мына ізгіліктерге де жеткізеді:
1. Жауапкершілік сезімі,
2. Кешірімді болу,
3. Денені әрі мінезді таза ұстау,
4. Ислам бауырластығы,
5. Артықшылық тек қана тақуалықт екенін
сезіну,
6. Халал табыс,
7. Ықылас
Сонымен қатар қажылық, Исламның тек қана
діни бір шарты болып қанан қалмай, осы діннің
мінез-құлықтық, қоғамдық және саяси жақтарын да
құрастырады. Мүминдердің жер бетінде бастан кешкен
өмірлерінің биік бір ескерткіші болып алдымыздан
шығады.
`
Намаздың, оразаның нәпіл түрлері болған тәрізді
қажылықтың да нәпіл түрі бар. Нәпіл түрде орындалған
қажылықтар туралынадандықпенайтылғансынсөздер,
Аллаһ сақтасын, аяғы күпіршілікке баратын сөздер.