Previous Page  247 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 247 / 298 Next Page
Page Background

247

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

еске салуда. Өйткені бұл ғибадат турасында немқұрайды

болу, оған мән бермеу деген мағынаға келеді.

Қажылық өмірде бір рет қана болады ғой деп

немқұрайдылық көрсету мүлде қате. Расында Аллаһ

Расулі (с.а.у.)былай деген:

«Қажылыққа бара алатын кісі асықсын!»

2

Бәйтуллаһ(Қағба) Ибраһим (ғаләйһиссәләм) мен

жанұясының тәуекелі және имандылық ауасына толы

бір мекен.

Тәуекел, берілу (тәсілім) және қажылық сөздері

айтылғанда Ибраһим (ғаләйһиссәләм) мен Исмайыл

(ғаләйһиссәләм) еске түседі. Өйткені қажылық олардың

ықыластарының нәтижесінде қияметке дейін қайта-

ланып жалғасатын бір салиқалы амал.

Тәуекел сөздік мағынасы бойынша араб тілінен

аударғанда «сүйену, сену, уәкіл қылу және уәкілге

сену» мағыналарына келеді.

Ал тасауфта, көңілі Аллаһпен толы болған кісілердің

тек Оған сенуі және Оған сыйынуы деп айтылады.

Көркем аяттарда былай бұйырылады:

«… Иман келтіргендер тек Аллаһқа ғана тәуекел

етсін!»

(Ибраһим сүресі, 11-аят; Тәубе сүресі, 51-аят)

«… Егер мүмин болсаңдар, тек қана Аллаһқа тәуекел

етіңдер!»

(Мәидә сүресі, 23-аят)

«… Кімде-кім Аллаһқа тәуекел етсе, Аллаһ оған

жетеді»

.(Талақ сүресі, 3-аят)

Хадис шәрифтерде былай баяндалған:

«Егертолықтәуекелетсеңдер,таңертеңұяларынан

қарындары аш шығып, кешкісін тоқ қайтқан құстар

сияқты сендер де ризықтанасыңдар!»

1

Тәуекел ету жағдайын әрекет жасауды және

еңбектенуді жоққа шығару деп емес, керісінше оларды

орындап барып, Аллаһтың қолдауына сыйыну деп