Previous Page  242 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 242 / 298 Next Page
Page Background

242

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

айтқан:

«(Құрбандарыңның) еттері де, қандары да Аллаһқа

жете алмайды. Аллаһқа жететін тек тақуалықтарың

ғана…».

(Хажж сүресі, 37-аят)

Алқұрбаншалынғананкейіншашалынуыныңөзгеше

хикметі бар. Исламнан бұрын бір кісі құлына азаттығын

беретінкездеоныңшашынұстараменқұлдықтыңбелгісі

ретінде қырып тастайтын. Қажылықта істелетін шаш

алдырумен де қажылар Аллаһқа деген үнемі күйдегі

құлдықтарын мойындағанын көрсетеді.

`

Сонымен қатар Хазіреті Ибраһим мен Хазіреті

Исмайыл Шайтанды таспен қуалаған жер Мина,

Аллаһқа берілу және оған тәуекел ету мекені болып

тарихта қалған.

Ал Шайтанға тас лақтыру алдымен іштегі Шайтанға

тас лақтырумен басталады. Бұл Хазіреті Ибраһим,

Хазіреті Исмайыл және Хажар анамыздың Шайтанды

қуып, оған тас лақтыруларының бір естелігі. Тас

лақтыру негізінде лағынеттеу мағынасына келеді, сол

дәуірлерде біреуді лағынеттеу оған тас лақтырумен

іске асатын. Расында, Шайтанға «ражим» яғни тас

лақтырылғандепайтылуыоныңлағынеттелгенімағына-

сына келеді.

Тас лақтыру ісінде ойға түсетін тағы бір естелік те

осы:

Қағбаны құлатайын деп үлкен пілдер алып келген

Әбрәһәні және оның әскерлерін Аллаһ Тағала Әбәбил

құстары тұмсығында тасыған кіп-кішкене тастармен

жойып жіберді. Міне, Шайтанға тас лақтыру осы

оқиғаның да бір естелігі.

Сөздің қысқасы, Шайтанға тас лақтыру Ібілістің

лағынеттелуі және көңілдің әр-түрлі ғапылдықтан

әрі шым-шытырық ойдан азат болған түрде Аллаһқа