239
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Хазіреті Ибраһим(ғаләйһиссәләм), Хажар анамыз
бен Исмайыл (ғаләйһиссәләм)ді Меккеде қалдырған соң
Сара анамыздың қасына қайтқан. Кейде бір олардың
қасына барып
жүреді.да,Меккеде болған кезінде бір
түс көреді. Түсінде аятта баяндалғандай, Исмайыл
(ғаләйһиссәләм)ді құрбан етіп жатады. Ибраһим
(ғаләйһиссәләм) түсі Шайтани ма, иләһи ме деп
күдіктенеді, бірақ сол түсті қатарымен үш күн көрген
соң мұның бекер түс еместігін ұғынады. Осы үш күн
Зилхижжә айының сегізінші күні, тәруиә, арапа және
айттың бірінші күндері еді.
Бір риуаятта Ибраһим (ғаләйһиссәләм):
«Аллаһ маған бір ұл беретін болса, соны құрбан
шаламын!» – деген еді. Міне, осы сөзі себебінен Аллаһ
Тағала оны сынайды.
Ибраһим (ғаләйһиссәләм), Раббысынан келген
бұйрық бойынша Хажар анамызға ұлы Исмайылды
жуындыруын және әдемі иістер себуін бұйырып, оны
бір досына алып баратынын айтты. Ұлы Исмайылға да
өзімен бірге жіп пен пышақ алып жүруін ескертіп:
«Балам, Аллаһ ризалығы үшін құрбан шаламын!»
– деді.
Екеуі Арафатта қажылар уақфаға тұратын жерге
қарай жүре бастады. Осы сәтте Шайтан адамзат түрінде
Хажар анамыздың қасына келіп оған:
- Ибраһим ұлыңды қайда алып бара жатыр біле-
місің?– деді.
Ол:
-Досына алып бара жатыр, – деді.
Шайтан:
-Жоқ, бауыздауға алып бара жатр, – деді.
Хажар анамыз:
-Ол ұлын өте жақсы көреді! – деп қарсылық білдірді.