Previous Page  235 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 235 / 298 Next Page
Page Background

235

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

ұсына берген.

Міне, қажылықта осы және осы сияқты ғибратқа

толы ақиқаттарға ой жіберіп көңілімізбен сезіп, көңіл

көзімізді ашатынболсақ,Ппайғамбардәріс бергенмекен

болған Дарул-Әркамның

1

алдында тұрып оның ішінде

хушумен оқылып жатқан Құран тәлімдерінің дауысын

құлағымыз шалар ма еді? Осы тәлімдердің артынан

іске асқан хижрет (дін үшін Мәдинеге көшу) және одан

кейін төгілген иләһи берекеттерге көңіл ыдысымызды

тоса аламыз. Әсіресе, Сәур үңгірінде Хазіреті

Пайғамбар (с.а.у.)мен Хазіреті Әбу Бәкір арасындағы

рухани әңгімелерден нәсіп ала аламыз және олар

үңгірде болған үш күн бойынша иләһи сырларға қарық

болу және көңіл көзін ашу бағытында істеген ерекше

сұхбаттарына қосыла аламыз. Осы сұхбатпен басталған

алтын тізбектің махаббат және фәйз бұлағында ең кәміл

мағынадағы иманның ләззатын көңілдерімізге таттыра

аламыз. Осы иман ләззатын тата отырып әр біреуі бір

жұлдыздың мысалы болған қадірменді сахабалардың

нұрлы жолыменен жүреміз де мың бір хикметке және

ғибратқа толы Мәдинә Мүнәууәрә естеліктерінен кейін

Меккеге қайтуды, яғни сол мүбарак аймақтың Хазіреті

Пайғамбар (с.а.у.)тарапынан алынуын көз алдымызға

елестете аламыз. Төңіректегі тауларға қарағанда

Меккені алуға келген сахаба әскерінің мүшриктердің

жүректерінеқорқынышұялатуүшінжаққаноттанпайда

болған мыңдаған алаудың көрінісін еске алып, рухани

әлемде солармен бірге екенімізді ойлай аламыз. Біләл

Хабешидің сол күні Қағбаның үстіне шығып шақырған

азанының дауысын естігендей боламыз. Хазіреті

Пайғамбар (СаллАллаһу ғаләйһи уе сәлләм)нің:

«Хақ келді, батыл(теріс жолдар) жойылды…»

(Исра

сүресі, 81) аятын оқып тұрып, Қағбадағы пұттарды

төңкеріп құлатқанын көз алдымызға елестете аламыз.

Бұлардан кейін өз көңіліміздің де Қағба сияқты