231
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
осы дұғалардағы рухани құндылықтар бен берекетке
жетеді.
Аллаһқа деген махаббат толқындарымен өмір сүріп
көңілдерін онсыз баса алмаған талай Хаққ достары
дүниенің арғы шетінен бергі шетіне сапар шегіп, сол
«рахым еліне» жүгірген. Тіпті олардың кейбіреулері,
сол мүбарак жерлерге деген махаббаты шыңға жеткен,
бірақ бара алатын шама-шарқы болмаған талай кедей
ғашықтардың да қажы болуларына дәнекер болған.
Аллаһ достарының бірі болған Хазіреті Әзиз Махмуд
Һудәидің руханият аспанына қанат қағуына себеп
болған мына оқиға өте мәшһүр:
Осман мемлекеті кезінде Бурса қаласының қазысы
(судья) болған Һудәидің алдына таң қалдыратын бір
дау көтеріледі. Бір әйел күйеуіне наразылығын білдіріп
былай дейді:
«Тақсыр! Күйеуімжыл сайынқажылыққа ниеттенеді
бірақ кедейлігінен мүлде бара алмайды. Биыл да
қажылыққа барамын деп тіресіп алды. Тіпті: «Егер
биыл қажылыққа бара алмасам, саған талақ беремін
(ажырасамын)!–деді.Кейінқұрбанайтқажақындағанда
ғайып болып кетті. Бес-алты күннен кейін қайта келіп
қажылыққа барып келгенін айтты. Тақсыр! Осындай
нәрсе бола ма? Енді осы өтірікші адаммен ажырасқым
келеді!».
Қазы Һудәи мәселені тексеру үшін әйелдің күйеуін
алдына шақыртады да әйелінің айтқандары рас әлде
өтірік екендігін сұрайды. Ол адам болса:
«Тақсыр! Әйелімнің айтқаны да, менің айтқаным
да рас. Сеніңіз, менің қажылыққа барып келгенім
шын. Тіпті сол мүбарак жерлерде Бурса қаласынан
барған кейбір қажылармен де кездестім және оларға
* «Өлмей тұрып өліңдер» хадисінің мағынасы - жан тапсырмай
тұрып өлімнен кейінгі өмірге дайындық жасау.