Previous Page  227 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 227 / 298 Next Page
Page Background

227

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

беріледі. Бірақ бүгінде құлдық жойылған.

6. Борыштылар: Қарызы малынан көп кісілерге

зекет беріле алады.

7. Аллаһ жолындағылар: Аллаһ жолында жиһад

еткендер(соғыс немесе дін үшін тырмысу), қажылық

сапарына шығып, жолда қалғандар және Аллаһ үшін

білім үйренгендер.

8. Жолда қалғандар: Өз мемлекетінде бай болса да

ақшасы бітіп қалған жолаушылар.

Зекет кімдерге берілмейді

Әке-шешеге, аталарға және әжелерге, ұл және

қыз балалар мен бұлардан болған немерелерге және

шөберелерге; бай кісілерге және мұсылман еместерге

зекет берілмейді. Сонымен қатар жұбайлардың бір-

біріне зекет берулеріне де болмайды.

ӨШҮР (Жерден алынатын өнімдердің зекеті)

1. Әбу Ханифа(рахматуллаһи ғаләйһ) берген пәтуә

бойынша егіншілікөнімдеріненберілетінзекетте белгілі

Нисаб мөлшері жоқ. Яғни жерден алынған өнімнің

үстінен бір жыл өтуі және белгілі бір мөлшерге жетуі

шарт емес.

2. Жылына бірден көп өнім шығатын жерлерде

өшүр де өнімге байланысты қайта төленеді.

3. Қайтыс болған кісіден қалған жерлер мен балаға

немесе ақыл-есі дұрыс емес ауруға қатысты жерлердің

өнімдерінен де өшүр алынады.

4. Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед берген пәтуә

бойынша жерден алынатын өнімдердің Нисаб мөлшері

бір тонна болып саналады. Егер өнім бір тоннадан асса,

сонда ғана өшүрі беріледі.

5. Өшүрі берілетін жер өнімдерінің бір жыл бұзыл-

май тұратын сапада болуы керек. Сондықтан жас жеміс

жәнешөп-шаламнан өшүр берілмейді.Мысалы: алмұрт,