233
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
көру үшін емес, Ибраһим (ғаләйһиссәләм)нің орынын
(Қағбаның тап алдында Ибраһим (ғаләйһиссәләм)
ғибадат еткен жер), Исмайл (ғаләйһиссәләм) және
ұрпағының отанын көру үшін болуы керек. Әрі
Расулұллаһ (с.а.у.)туып өскен және Ислам дінін жайып
таратқан жерлерді көру, сол ұлы Жаратылыс Нұры
дем алған ауаны өкпемізге әрі көңілдерімізге толтыру
үшін.
Сондықтан қажылық тек қана денемен істелетін бір
ғибадат емес, Ол материалдық жағынан бөлек рухани
жағымен де өте маңызды ғибадат. Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.)тарапынан «хажж мәбрур» яғни бастан аяғына
дейінжақсылықтан, әдеміліктен тұратынқажылықтың
сипатталуыда осыныкөрсетеді. Осыжағымен қажылық
тәубе етіп кешірім сұрау және дұға оқумен көңілдердің
рахмет, берекет және ерекшеліктерге жетуі болып
табылады әрі өмір салиқалы амалдармен жақсарады.
Қажылықтан кейін осы халдың жалғасуы үшін Хаққ
Тағалаға сөз беру мағынасына да келеді.
Хазіреті Ибраһим (ғаләйһиссәләм)нің мына дұғасы
нендей керемет:
«Ей, Раббымыз! Екеуімізді (ұлым Исмаил мен
өзімді) саған берілгендерден қыла гөр! Нәсілімізден
де саған берілген үмбет шығара көр! Бізге ғибадат
жолдарымызды (қажылықты) көрсетіп тәубелерімізді
қабыл ете гөр! Әлбетте, Сен өзің тәубелерді үнемі Қабыл
Етуші, ерекше Мейірімдісің!»
(Бақара сүресі, 128-аят)
Қажылық ғибадатын орындауға көңіл аударған
ғашық жандар осы дұғаның cезімімен Харам айма-
ғында және бүкіл Мекке көшелерінде Пайғамбардың
(СаллАллаһу ғаләйһи уе сәлләм) жүріп, аралағанын,
Оның осы жерде өмір сүргенін ойлай отырып, бәлкім
* Шәғәйруллаһ: Аллаһ Тағаланың белгілері. Хурмәтуллаһ: Аллаһ
Тағалаға құрмет көрсету.