236
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
екенін, әрі соны да бірталай нәпсілік бейімділіктермен
пұтхана халіне келтіргенімізді аңғарып, қажылық
ғибадатының әр мезгілінен алынған рухани қуатпен
оларды құлатуға және көңілімізді шын мәнінде иләһи
назар аударылатын мекен қылуға тырыса аламыз.
Міне, осындай әлі талай көріністерге жетуге иләһи
бір есік болған қажылық ғибадаты, әркім үшін ең
аздан ең көпке дейін рухани тірілу оқиғасы. Осы тірілу
оқиғасы іске асатын қажылық парызы, адамды діннің
кәмілдігіне бағыттайтын кең әрі терең бір ғибадат.
Арафат ғапу әрі сыйыну мекені.
Арафат қияметте қабірлерден тұрып, топ-топ болып,
махшар майданында жиналуды еске салады. Бүкіл
құлдар Аллаһтың алдында әлсіз, мұқтаж және үміткер
халде ғапу етілуді күтеді. Көңілдермен көздер тәубе етіп
жас төгеді де, Хаққ Тағалаға талай рет шын жүрекпен
сыйынады. Өмір дәптерінде тап-таза беттер ашылады
да, қалған өмірдің Аллаһқа бас июмен өтетіні жайында
уәде беріледі.
СоныменАрафат, махшари бір сурет секілді көрінеді.
Қияметте болатын ахуалдың бір бөлімі сол жерде де
көріледі.Жалаңбас,жалаңаяқ, үстідебірорамшүберек,
астыда бір орам шүберек, күн ыстық… Ешкімнің бір-
біріне қарай алатын күші жоқ.
Арафат бір жағынан бізді кәдімгі естелікке де
апарады. Тыйым салынған жеміске жақындау нәтиже-
сінде иләһи қалау бойынша Адам (ғаләйһиссәләм) мен
Хауа анамыз Жәннаттан шығарылып дүниеде бірі-
бірінен алыс жерлерге түсірілген, сонымен олар бір-
бірін аңсауға толы жылдар өткізгенін.
Адам(ғаләйһиссәләм) кешірілді де, Аллаһ Тағала
оған Меккеге дейін жол көрсету үшін бір періштені
қасына ертіп жіберді. Адам (ғаләйһиссәләм)нің
Хазіреті Мұхаммед (СаллАллаһу ғаләйһи уе сәлләм)нің