237
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
құрметіне кешірім сұрауының берекеті арқасында
Жиддәда өмір сүріп жатқан Хауа анамыз да басқа бір
періштенің жетегінде Адам (ғаләйһиссәләм)ға қарай
жолға шығарылды. Ақыры екеуі бір арафа күні екінті
уақытында Арафат сайында табысты. Жылап, қайта
истиғфар етті.
Сыйлығымен нығметі шексіз Аллаһ Тағала, олардың
дұғаларын қабыл етумен бірге, олардың нәсілінен
тарағандардан қияметке дейін жыл сайын сол күні
және сол сағатта осы жерге келіп ғапу сұранысында
болғандардың барлығын кешіру уәдесін беріп, үлкен
сыйлық жасады.
Қажылардың арапа күні Арафатқа шығып кешірім
сұрауларының хикметі де осы.
`
Мүздәлифә – Құран Кәрімде ишарат етілген «әл-
Мәшғарул харам»ның руханияты мен рахмет көрініс-
теріне толы бір мекен. Жүректерді Аллаһтың ұлылығы,
құдіреті, айбынды салтанаты және иләһи көріністері
билеп, дүние мен ақіретті артқа тастау мекені.
Нәзір күндері тәмәмдалғаннан кейін Ибраһим
(ғаләйһиссәләм)нің рухани құрбанының орынына
шалынған құрбан, қажылардың көңіл дариясында сол
ұлы пайғамбардың сана-сезімін толқындатқан рахмет
әрі хикмет самалы. Мұны істегендердің тілдерінен
Халилұллаһтың
(Ибраһимнің)
Құран
Кәрімде
баяндалған мына сөздері шығады.
«Негізінде мен, жүзімді көктер мен жерді
Жаратқанға және туралыққа қаратып, бұрдым. Мен
пұтқа табынушы емеспін».
(Әнғам сүресі, 79-аят)
«Айт: Намазым, құлшылығым, өмір сүруім және
*Дарул-Әрқам:ИсламеңалғаштаралабастағанкездеПайғамбарымыз
(с.а.у.) Ислам туралы дәріс берген Зәйд бин Әрқам деген кісінің үйі.
Дәр - арабшада үй, жұрат деген мағынаға келеді.