241
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
періштелер толқу күйінде таң қала отырып бір-біріне:
«Субханаллаһ! Бірпайғамбарбірпайғамбардықұрбан
етуге алып барады!» – деді.
Ибраһим(ғаләйһиссәләм)
ұлы
Исмайыл(ғаләйһиссәләм)ға істің ақиқатын түсіндірді
де :
- Әй, балам! Түсімде сені құрбан етуім бұйырылды,
– деді.
Исмайыл (ғаләйһиссәләм):
- Әкетайым! Мұны саған Аллаһ бұйырды ма? – деп
сұрады.
Ибраһим (ғаләйһиссәләм):
- Иә, – деді.
Сонда Исмайыл (ғаләйһиссәләм):
«Әкетайым! Сен бұйырылған нәрсені орында!
Иншааллаһ (Аллаһ қаласа) менің сабырлылығыма
куә боларсың!» – деп жанын пида етуге дайын екенін
білдірді. Сол кезде Исмайыл (ғаләйһиссәләм) әлі жеті
(кейбір риуаяттарда он үш) жасында болатын.
Риуаяттар бойынша Жәбірейл (ғаләйһиссәләм)
тебірене куә болған үш оқиғаның
1
біреуі Ибраһим
(ғаләйһиссәләм)нің мойнына құрбан етейін деп
пышақты кезеуі еді. Сонда Жәбірейл (ғаләйһиссәләм)
келіп, пышақтың жүзін кетірді және Хаққ Тағала
тарапынан олардың тәуекелділіктеріне иләһи сый
ретінде құрбандық қошқар ұсынылды. Сонымен олар
да қуаныпғ, тәкбір айтып сол қошқарды құрбандыққа
шалды.
Сондықтан құрбан шалудағы негізгі мақсат осы
оқиғаны еске алып, сондағы иләһи хикметтерден нәсіп
ала отырып Аллаһқа деген құлшылықтың беріле отыра
тақуалықпен орындалуы жайында көңілдердің ояу
болуын қамтамасыз ету. Расында Аллаһ Тағала былай