238
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
өлімім бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ үшін. Оның
ешқандай серігі жоқ. Осылай етуім бұйырылды және
мен мұсылмандардың алғашқысымын»
. (Әнғам сүресі,
162-163 аяттар)
Хазіреті
Ибраһим
(ғаләйһиссәләм)
Бабилден
Димашыққа қарай кетеді:
«Мен Раббыма кетіп барамын; Ол маған тура жолды
көрсетеді! Раббым маған салиқалы бір ұл бер!» деп
еді».(
Саффат сүресі, 99-100 аяттар)
Бұл аятта Хазіреті Ибраһимнің ішкі жан дүниесінде
мәсиуадан қашып, Аллаһқа қарай бет бұрғандығына
ишара етуде.
Көркем аятта Хазіреті Исмайылдің сүйіншіленуі
және құрбан оқиғасы баяндалып жалғасады:
«Міне, сол кез, біз оған мүләйм бір ұл беретінімізді
хабарлап қуандырдық».
«Әкесіменқатарласыпжүре алатыншаққажеткенде
(әкесі): «Балақайым, түсімде сені бауыздағанымды
көремін, бұған не дейсің?– деді. Ол: «Әй, әкетайым,
сен бұйырылған нәрсені орындай! Аллаһ қаласа, мені
сабырлы болғанымды көрерсің!– деді».
«Екеуі де Аллаһқа берілді де, сөйтіп (Ибраһим) оны
етпетінен жатқызғанда: «Әй, Ибраһим, түсіңді іске
асырдың. Біз жақсыларды осылай сыйлаймыз. Бұл
расында, өте ауыр сынақ еді,– деп дабыстадық».
«Сөйтіп біз баланың орнына үлкен бір құрбандық
бердік. Кейінгі нәсілдер арасында оған жақсы даңқ
қалдырдық. «Ибраһимге сәлем»– дедік. Мінеки, біз
жақсыларға осылай сыйлық береміз. Өйткені ол біздің
мүмин құлдарымыздан еді».
(Саффат сүресі, 101-111
аяттар)
`