Previous Page  243 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 243 / 298 Next Page
Page Background

243

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

жөнелуі деген мағынада орындалады. Сондықтан Аллаһ

Расулі (с.а.у.)былай деген:

«ОсыкішкентайтастардыШайтанғалақтырудағы

мақсат, Аллаһ Тағаланың зікірін (яғни оның есімін,

дінін) үстем қылудан басқасы емес»

.

1

Сондай-ақ қажылықты орындау мақсаты да

Расулұллаһ (с.а.у.)тарапынан былай баяндалған:

«ҚажылықШайтанғатаслақтыру,СафаменМәруә

арасында ары-бері жүру және Қағбаны тауаф етуден

тұрады. Ал мұндағы мақсат Аллаһты ұмытпау, яғни

оның дінін үстем қылудан басқасы емес»

.

2

`

СафаменМәруәжоталарықазірЗәмзәмқұдығытұрған

жерде шөлдеп сусыз қалған Исмайыл(ғаләйһиссәләм)-

нің анасы Хазіреті Хажар жан ұшырып, жанталасып

су табу үшін екеуінің арасында безектеп жүгірген

мүбарак екі жота, бізге сол адамдық әлсіздік пен (Хажар

анамыз сияқты) Хаққ Тағалаға сыйынуды ескерту

үшін қажылықтың шарттары арасына «сағи» атымен

қосылған бір рүкүн болып табылады.

Қағба, Аллаһ Тағала Құранда

«Сәждеге жығыл

да жақында!»

(Алақ сүресі, 19-аят) бұйрығымен

орындалуын әмір еткен намаз ғибадатының бұрылу

бағыты. Соныменқатар бүкілмұсылмандар бірдейкөңіл

аударатын орталық, яғни бүкіл Ислам дүниесінің күре

тамыры соққан жер. Адам баласында иләһи назардың

орны жүрек, ал әлемдегі орны Қағба. Яғни Қағба адам

денесіндегі жүрек сияқты.

Қағбадағы сәлем берілетін мүбарак тасты «Хажар әл-

Әсуәд», яғни «Қара тас» деп атайды. Әр тауафта болуға

* Жәбірейіл толқып, көмекке асыққан үшін оқиға мыналар: Бірін-

шісі, осы. Екіншісі, Юсуф (алейһиссәләм) құдыққа лақтырылғанда.

Үшіншісі,УхудсоғысындаПайғамбардың(с.а.у.)жүзіжарақаттанып,

тісі сынғанда.