Previous Page  246 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 298 Next Page
Page Background

246

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

парызы. Ал сенбей қарсы келгендер білсін, Аллаһ

барлық әлемнен мустағни (яғни ешкімге, ешнәрсеге

мұқтаж емес)»

. (Әли Имран, 96-97 аяттар)

Ислам рухының көрінісі ретінде намазда барша

адамдар бір қатарда. Мемлекет басшылары да сол

қатарда. Олар бұрын келген болса алдында, ал кейін

келген болса артта тұрады. Жай бір кісі де қай жер

бос болса, сонда тұрады. Намаздағы қатарда биліктің,

беделдің ешқандай ерекшелігі, үстемдігі жоқ. Ал

қажылықта бұдан да ары жағдай көрініс табуда. Яғни

онда күллі адамдар кебінжәне қабір тепе-теңдігінде. Бір

ел басшысы жай бір кісі сияқты қалай кебінмен қабірге

кіретін болса, кебіннен басқа бір нәрсе қолданбай,

пақыр киген кебіннің матасындай бір кебін кидіріліп

көмілетін болса, қажылықта да қабір және кебін

ұқсастығы іске асады. Қажылықтағылардың барлығы

иықта бір орамал, астыда бір орамал оралған күйде, дәл

бір кебін кейпінде.

Өлім – күллі фәнилер үшін мәжбүрлікпен іске

асатын иләһи заң. Уақыты, сәті және тыныс санына

дейін белгіленіп, үкімі берілген. Ажалдың ілгері-кері

жылжымайтыны, себептердің өзгермейтіні айқын

бір ақиқат. Ажалдан қашқандардың құтылғандары

жайлы бір хабар естілмеген. Осылардыжақсы аңғарып,

қажылық ғибадатына қарсы осалдық және немқұрай-

лылық көрсетпеу керек. Керісінше Хазіреті Пайғамбар

(СаллАллаһу ғаләйһи уә сәлләм)нің ескертуі жүректі

бір сілкіндіріп тастайды:

«Бір адам жеп-ішуге және жолға қажет болған

қаражатқа ие бола тұра Бәйтуллаһқа қажылыққа

бармаса, оның яһуди (еврей) немесе христиан күйінде

өлеуіне ешқандай бөгет жоқ!»

1

Осы пайғамбари ескерту қажылыққа бару үшін

күллі шарттарға ие бола тұра ғапылдықтары себебінен

немқұрайлылық танытқандарға болатын иләһи азапты