230
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
сыртымыздағыШайтандықбейімділіктергетаслақтыра
білу, ұлт әрі сынып айырмашылығынан арылып, кебін
оранған күйде Раббыға сыйыну, қиямет күнінің үрейлі
көріністерін еске алып қорқу, мұсылмандар арасында
алыс әрі бір-бірін танымайтын қауымдарды кездестіріп,
иман бауырластығын құру болып табылады.
Басқа бір мағынасы бойынша қажылық, дене деген
киімнен арылып, рухтың тереңдіктеріне жетумен
нәпсілік дауыл сияқты армандардан құтылуға тырысу
болып табылады.
`
Қажылық орындалған мүбарак мекендер де, ұлы бір
әлемнің руханият климаты болып иләһи нысаналарға
толы. Сол жерлерде үнемі Аллаһтың мейірімі және
берекеті еске түседі. Сондықтан Құран Кәрімде осы
климаттың сипаты ретінде «шағируллаһ»
1
және
«хурматуллаһ» делінген.
Сондықтан қажылықтың бір мақсаты сол мүбарак
мекендерді құрметтеп, қасиетті жерлердің естелігімен
көңілдерді әшекейлеу болып келеді.
Осы мүбарак жерлер, Хазіреті Адамнан бүгінге
дейін иманды жүректердің руханиятымен бағылып,
ғашықтардың көз жастарымен суарылған. Шынайы
түрде қажылықты орындағандар сол мекендерде осы
руханиятты және бірталай пайғамбардың аяқ іздерін
іздегендейолардыңестеліктеріненфәйз табады. Өйткені
ерекше бір фәйз бұлағы болған осы қасиетті мекендер
пайғамбарлар тізбегінің қадірлі естеліктеріне толы.
Қажылық
құлшылығын
өтеу
ниетімен
осы
мүбарак топырақтарға аяқ басқандар Ибраһим
(ғаләйһиссәләм)нің:
«Уа, Рабб! Күнәларымызды кешір, ғапу ет! Сен
Рахмансың
1
Рахимсің. Уа, Рабб! Әулетімді де менің
жолыма, менің дініме сала гөр!» деген дұғаларына және