Previous Page  224 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 224 / 298 Next Page
Page Background

224

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Бірақ оларды пақырларға жасырын түрде берсеңдер

бұл сендер үшін өте қайырлы болады».

(Бақара сүресі,

271-аят)

`

Діннің негізгі мақсаты – Аллаһтың бар екендігін

қабылдап бекіткеннен кейін жақсы, адамгершілігі

мол адам тәрбиелеу және сонымен қоғамның берекесін

келтіру. Мұндай кемелдікке көңілде пайда болатын

мейірім мен қамқорлық сезімі және мұның ең күшті

көрінісі болған зекет беру мен инфақтың арқасында

ғана жетуге болады.

Раббымыздың мүлкінде өмір сүріп жатырмыз. Ол

берген нығметтің арқасында күн көріп жатырмыз.

Сонда мал-мүлік арқылы орындалатын ғибадаттарда

немқұрайлы болғандар кімнің малын кімнен жасырған-

дарын ойламай ма?

Зекет пен садақа берердегі ең маңызды жағдай

шынайылықпен, ықыласпен, Аллаһтың ризалығына

жетумақсатындаболу.Қайырымдылықжасағандардың

мақтанулары, рахмет айтылуын күтулері және міндет

қылулары мүлде дұрыс емес. Мұндай ой, істелген

қайырлардың бүкіл сауабын жуып-шайып кетеді.

Керісінше, берген кісі алған кісіге рахмет айту сезімімен

қарауға тиісті, әрі Аллаһтың ризалығынан басқа мұрат-

мақсаты болмауы керек. Өйткені Аллаһ алдында қабыл-

данатыны да осындай инфақ. Хазіреті Али мен Хазіреті

Фатима (РадиАллаһу анһүмә)ның осы жайда істеген

инфақтарын керемет көріп, ұнатқанын білдіре отырып,

баршамызға дәл сондай инфақ жасауымызды бұйыру

ретінде Аллаһ Тағала көркем аятта былай айтқан:

«Олар Өз жандары сұрап тұрған халде тамақтарын

кедейге, жетімге және тұтқынға береді де, оларға:

«Мынаны сендерге Аллаһ ризалығы үшін жегізіп

тұрмыз. Сендерден әлдебір ақы төлеу және рахмет