Previous Page  219 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 219 / 298 Next Page
Page Background

219

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

мұсылманның көңіл әлемін дұрыс бағытқа салуын

қамтамасыз ететін ғибратты оқиғалар.

Мүмин қараңғы түннің толған айы тәрізді терең,

сезімтал, нәзік, қамқорлы, мейірімді, жомарт және

нұрлы болуға тиісті.

Бірақ, Хаққ Тағала алдында қабылданатын

жомарттық малдың жақсысынан, әрлісінен берумен

болатынын білу керек.

Аллаһ Тағала өзіне жақын бола білуіміз үшін жақсы

көріп ұнатқандарымыздан беруіміздіүгіт етеді:

«Жақсы көрген нәрселеріңнен бермейінше мүлде

«бирр»ге (яғни хайырдыңшыңына) жете алмайсыңдар.

Нені инфақ етсеңдер де Аллаһ оны толық білуде».

(Әли

Имран, 92-аят)

Осы аят түскенде қадірменді сахабалар арасында

ең қатты сүйгендерінен беру туралы инфақ жарысы

басталып кетті.

Әбу Талһаның Пайғамбар Мешітіне жақын жерде

ішінде алты жүз құрма ағашы болған бағы бар еді және

ол осы бақшасын өте жақсы көретін. Жиі-жиі Пайғам-

барымызды бақшасында қонақ қылып, берекесін

арттыратын.

Бір күні Әбу Талһа былай деді:

«Уа, Расулаллаһ! Менің мал-мүлкімнің арасында ең

бағалысы және маған ең сүйкімдісі болған, міне, өзіңіз

білетіндей осы бақшам. Дәл қазір Аллаһ ризалығы

үшін оны Аллаһ Расуліне беремін, билік қолыңызда, сіз

қалаған жеріңізге жұмсаңыз».

Осыны айтып болған соң осы керемет қарарын дереу

орындау үшін бақшасына барады. Әбу Талһа бақшаға

барғанда әйелі бір ағаштың көлеңкесінде отыр еді.

Әбу Талһа бақшаға кірмей сырттан қарап тұрғанын