215
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
жағдай болып шықса, онда зекетті қайтадан беру керек
емес.
Өшүр (Жерден алынатын өнімдердің зекеті)
Мұсылман елдері ұмыта бастағанзекет түрлерінің
бірі - өшүр. Еңбек етілмей, жаңбырмен өсіп қолға
түскен өнімнен 10%, суару сияқты еңбек етіліп алынған
өнімнен 5% өшүр беріледі.
Осы өшүрді бермегендер зекет бермегендер сияқты
Аллаһ алдында тонаушы және қылмысты болады.
Өйткені олар кедей-кепшіктердің және Аллаһ жолында
соғысқандардың ақыларын тонап кеткен болып
есептеледі.
`
Иемендік жомарт бір кісінің Сана қаласының
маңында жүзім, құрма бақтары мен егіндері бар еді.
Бұл жомарт кісі өнім жинау кезінде пақырларға,
мүсәпірлерге және әлсіздерге өшүрдегі үлестерін
артығымен беретін. Қайтыс болғанда балалары дүниеге
деген құмарлықпен:
«Жанұямыздағы адам саны көп, бірақ мал аз.
Пақырларға ешнәрсе бермейік! Олар келмей тұрып
өнімді жинап алайық…», – деді.
Аллаһ (ЖЖ) олардың осы харам ниеттеріне қарап,
бақтарын күйретіп қараңғы бір күйге түсіріп тастады.
Кең бақтары танылмайтындай болды. Таңертең
бақтарына келіп, болған жайды көрген сараң балалар өз
бақтарын өздері танымай:
«Басқа бір жерге келдік пе?» – деп ойлап қалды.
Алайда әкелерінің өшүрді жомарттықпен таратып,
мұқтаждардың қайыр дұғасын алуы баққа артығымен
берекет беретін. Бүкіл кедей-кепшік сол бақтан пайда
көретін. Бірақ балалардың көзіне әкелері таратқан
өшүр көп болып көрінетін, оның берілуін ұнатпайтын.
Олар сол баққа және егістікке Аллаһ берген берекеттің